Тайпақ мектеп – гимназиясында 19-26 қыркүйек Қазақстан тілдері мерекесіне арналған «Тіл – татулықтың белгісі» атты апталық аталып өтілді. 19 қыркүйек тілдер апталығының ашылуына арналған үш тілде әдеби монтаж ұйымдастырылып, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Бисенова Л.Б. «Мақсатымыз – «үш тұғырлы тіл саясатын» жүзеге асыру» тақырыбында баяндама оқып, оқушыларды апталыққа белсене қатынасуға шақырды. 22 қыркүйек қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Бисенова Л.Б. «Менің тілім – мемлекеттік тіл» және орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Юшина Н.А. «Лингвистическое карусель» тақырыптарында 5-6 сынып оқушыларына арналған екі тілде біріктірілген сыныптан тыс шаралары ұйымдастырылды. Мақсаты:  Оқушылар екі тілде де еркін сөйлеуге дағдыландыру және өмірде қолдана ... Әрі қарай оқу»

Қаралды: 1132 | Жүктеген: taipakokushy | Уақыты: 29.09.2014 | Пікірлер (0)

22 қыркүйек Тайпақ мектеп-гимназиясында мұғалімдерге арналған «Мұғалім тұлғасының кәсіби өсуі» тақырыбында семинар-тренинг өткізілді. 

Мақсаты: Білім сапасын көтерудің негізгі тетігі – ұстаз, сондай-ақ оның теориялық білімі мен кәсіби шеберлігі, шығармашылық қызметі. Қазақстандағы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында Қазақстанда оқитындарды сапалы біліммен қамтамасыз етіп, халықаралық рейтингілердегі білім көрсеткішінің жақсаруы мен қазақстандық білім беру жүйесінің тартымдылығын арттыру үшін, ең алдымен, педагог кадрлардың мәртебесін арттыру, олардың бүкіл қызметі бойына мансаптық өсуі, оқытылуы және кәсіби біліктілігін дамытуды қамтамасыз ету, сондай-ақ педагогтердің еңбегін мемлекеттік қолдау мен ынталандыруды арттыру.

... Әрі қарай оқу»

Қаралды: 1373 | Жүктеген: taipakokushy | Уақыты: 29.09.2014 | Пікірлер (0)