Құрметті ата-аналар!

Психологиялық қолдау–балаңыздың ҰБТ-ны сәтті тапсыруының бірден-бір маңызды факторы.

Баланы қалай қолдау керек?

- Оның күшті жақтарына сүйеніңіз.

- Балаңыздың нашар жақтарын бетіне басудан аулақ болыңыз.

- Үйде достық жағдай қалыптастырыңыз.

- Үйде сабақ қарауға ыңғайлы орындайындаңыз.

- Пән бойынша әртүрлі нұсқадағы тест тапсырмаларын дайындаңыз.

- Балаңызға әркүнге дайындық тақырыбын бөлуге көмектесіңіз.

- Бір уақытта қатал әрі мейірімді болыңыз, бірақ судья рөлінде болмаңыз.

- Балаңызды қолдаңыз, оныңу айымдап жүргенін түсінетініңізді көрсетіңіз.

- ҰБТ-ның алдында баланың үрейін жоғарылатпаңыз – бұл нәтиженің төмендеуіне әкелуі мүмкін.

- Баланың ҰБТ-ға дайындық режимін бақылаңыз. - Уақытты үнемдеуге үйретіңіз.

- Тамақтануына көңіл бөліңіз: баланың ақыл-ой жұмысы уақытында нәрлі және алуан түрлі тағам қажет.

- Балаңыздың хал-жағдайын бақылаңыз, оның әбден жалығуына жол бермеңіз.

- Тестілеу алдында балаңыздың толық демалуын қамтамасыз етіңіз.

Есіңізде болсын: ең негізгісі – дұрыс ниет, баланың өз мүмкіндіктерін бағалайалуы, уақытты дұрыс бөлу және жүйел ідайындық.

Емтиханды сәтті тапсыру көбіне баланың көңіл-күйін ежәне соған ата-анасының қатынасына байланысты. Баланың емтиханға дұрыс дайындалуына көмектесу үшін бірнеше кеңесті орындап көріңіз:

*Балаңыздың емтиханда алатын ұпай саны сізді мазаламайтынын көрсетіңіз. Ұпай саны білімін толық көрсете алмайтынына сендіріңіз.

*Емтихан алдында балаңыздың үрейін жоғарылатпаңыз – бұл нәтиженің төмендеуіне әкелуі мүмкін. Жасерекшелігіне сәйкес бала өзінің эмоциясына ие бола алмай бірдеңе бүлдіріп қоюы мүмкін.

*Үйдегілердің ешқайсысы бөгет жасамайтындай баланың сабақ қарауына ыңғайлы орын қамтамасыз етіңіз.

*Тест тапсырмалары бойынша жаттығулар уақытында уақытты үнемдеуге және оны дұрыс бөлуге үйретіңіз.

*Емтиханға дайындық режимін бақылаңыз және шамадан артық оқуға жол бермеңіз.

*Тамақтануына көңіл бөліңіз. Балық, ірімшік, жаңғақ және тағы басқалар адам миының жұмыс істеуін жақсартады.

*Емтихан алдында балаңыздың толық демалуын қамтамасыз етіңіз, ол демалуы және ұйқысын қандыруы қажет.

*Емтиханнан кейін баланы сынамаңыз.

ЕСІҢІЗДЕ БОЛСЫН: негізгісі – уайымын, үрейін төмендету және баланың сабақ қарауына жағдай жасау