Тайпақ мектеп-гимназиясы бойынша Жалпыға бірдей білім беру айлығы мен «Мектепке жол»                

  акциясының іс-шаралар жоспары            2015 -2016 оқу жылы

 

Р/с

Іс-шаралар тақырыбы

Орындалу мерзімі

Жауаптылар

1

Мектеп оқушылары үшін Республикалық «Мектепке жол» акциясы аясында «Балаға мейірім сыйла!», «Ауыл балаларына -

мектепке сыйлықтар», «Отбасы отбасыға » көмек көрсетеді: «Балаларды мектепке дайындаймыз!» үндеуімен салтанатты түрде қайырымдылық марафонын өткізу.

 

20 тамыз

Мектеп әкімшілігі, әлеуметтік педагог, ұжым мүшелері

2

Ауыл әкімінің бекітіліп берген шағын аудан учаскелеріндегі  0-ден 4 жасқа дейінгі және

5- жастан 18 жасқа дейінгі балалардың

үйлерін аралау және оқумен қамтылған балалар мен жасөспірімдерді анықтау рейдтерін жүргізу.

29 тамызға дейін

Мектеп-гимназия мұғалімдері

3

Мектеп жасындағы барлық балалардың сапалы жалпы орта білім алуы үшін жағдай жасау.

үнемі

Мектеп әкімшілігі және мұғалімдер

4

Мөлтек аудандағы девиантты мінез-құлықты балалардың деректер банкін құрып жаңартып отыру.

Тамыз ,қыркүйек үнемі

Әлеуметтік педагог

5

Дәлелсіз себептермен оқушылардың сабақты жіберулерінің алдын - алу жөніндегі жұмысты жүзеге асыру.

Оқу жылы барысында ай сайын

Әлеуметтік педагог, психолог, полиция қызметкері

6

Тұрмысы қолайсыз отбасыларға бару.

Оқу жылы барысында ай сайын

Әлеуметтік педагог, психолог, полиция қызметкері

7

Жетім, ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар, көп балалы отбасы,аз қамтылған  отбасы балаларына көмек көрсету.

Оқу жылы бойына үнемі

Мектеп әкімшілігі, әлеуметтік педагог

8

Әлеуметтік қолдауға мұқтаж отбасы балаларын тегін ыстық тамақпен және оқулықпен қамтамасыз ету.

Оқу жылы бойына үнемі

Мектеп әкімшілігі, әлеуметтік педагог, кітапханашы

 

«Жақсылық жасауға асығайық» атты «Мектепке жол» республикалық акциясы туралы мәлімет

2015-2016 оқу жылы

20 – тамыз күні Бүгін  Тайпағымыздың төрінде, ауасы кең жерінде «Жақсылық жасауға асығайық!» атты   «Мектепке жол» республикалық  қайырымдылық акциясы өткізілді. Осы маңызды шараны ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты Шавхат Өтемісов құттықтау сөзбен ашып, оқушыларға сөмке және оқу құралдарын табыстады. Тайпақ мектеп-гимназиясында ата-аналар табысы аз, аз қамтылған және көпбалалы отбасы оқушылар саны – 20. Балаларға қамқорлығын аямай, демеушілік көрсеткендер: Тайпақ ауруханасы (мекеме)- 5000 тг,«Балбұлақ» балабақшасы (мекеме) –4000 тг, Саз мектебі – 4100 т, Тайпақ телекоммуникациясы -1500т, Халыққа қызмет көрсету орталығы – 2000 т, Обаға қарсы күрес мекемесі – 7000 т, Хисин Болат («Арыстан ата» мешіті) – 20000тг, кәсіпкерлер: Капарова Райгүл– 9000тг, Досанова Оралғаным – 11000тг,

Казимова Маржан – 6500тг, Отарова Күлан – 5000тг, Бисултанова Гаухар -8300т, сынды демеуші, кәсіпкер, мекемелер 77 400 мың теңге көлемінде көмек қолын созған болатын.

Бүгінгі «Мектепке жол» қайырымдылық акциясын ұйымдастыруға ұйытқы болып отырған мектеп басшыларына, қол ұшын беруге ат салысып отырған демеушілерімізге айтар алғысымыз шексіз. «Мектепке жол» акциясы ұл-қыздарымызды қуанышқа кенелтті.