Түлектерге кеңес. ҰБТ тапсыруға қалай дайындалу қажет ҰБТ-ға дайындық
*Ең алдымен дайындық жасайтын қолайлы жер даярла: үстелден керексіз заттарды алыптаста, кітаптарыңды, дәптер, қағаз, қарандаштарыңды, т.б. өзіңе қолайлы етіп орналастыр.
*Бөлме интерьері не сары мен күлгін түстерді көптеп енгізуге болады, себебі бұл түстер инттеллектуалды белсенділікті арттырады. Бұл үшін осы түстегі қандай да бір суретті іліпқою жеткілікті.
*Дайындық жоспарын жаса. Ең алдымен өзіңнің кім екеніңді анықта – «жапалақсың» ба, әлде «бозторғайсың» ба? Әрі соған қарай таңертең немесе кешке қарай көп жұмыс істей алатыныңды білесің. Әркүнге арнап айқын жоспар құрғанда дәл сол күні нені оқып білетініңді айқында. Жалпы «шамалы дайындаламын» емес, тақырыптар мен бөлімдерді айқын белгіле.
*Өзіңнің ең нашар білетін қиын тақырыбыңнан баста. Ал егер олай саған қиын болса, өзіңе қызықты әрі түсінікті ісінен баста. Мүмкін осылайша сен жұмыс ритміне тез еніп кетерсің.
*Үзіліс уақытында ыдыс жуып, гүл суаруға немес душқа түсіп не сергіту жаттығуларын жасауға болады. Кітаптың ішіндегінің барлығын жаттап алуға тырысудың керегі жоқ.
*Оқылған материалды қорыту үшін қағазға схема, сызбалар жасап қоюға болады. Бұндай жоспарлар оқылған материалды тез қайталап, еске түсіруге пайдалы.
*Бір пән бойынша неғұрлым әртүрлі тестер қарастырып, өзіңді тексеруің керек. Бұл дайындық сені тестінің әртүрлі конструкциясымен таныстырады.
*Қолыңа секундомер алып, тестілеуге кететін уақытты есепте.
*Дайындық кезінде ешқашан тестіні орындай алмаймын деп ойлама, керісінше ойша өзжеңісіңді суретте. Бір күніңді барлығын қайталап, өзіңе қиын деген тақырыпты қайталап оқуыңа қалдыр.