Ғылыми жоба дайындаудың әдіс-тәсілдері және тиімді жолдары
XXI ғасырдың алғашқы жылдарының негізгі проблемаларының бірі «Білім бүкіл өмір бойына» қағидасын жүзеге асыратын білім жүйесінің ұйымдық құрылымдарына іздеу болып табылады.
Дьюидің айтуы бойынша мәселелерге ерекше көңіл аудару оқушылардың табиғи әуесқойлығын оятып, оларды сыни тұрғыдан ойлауға итермелейді, яғни «нақты бір мәселені қарастырып, қиын жағдайдан шығудың жолын өзіндік іздеу арқылы оқушы шын мәнінде ойланады». Осыдан сын тұрғысынан ойлау бағдарламасының бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыруда жаңашылдығы ерекше [1].
«Ерекше қабілетті оқушы деген кім?» деген сұраққа жауап беретін болсақ...
Алдымен ол өз ойын еркін жеткізе алатын, талдай білетін, дәлелдермен қорғау шеберлігі жоғары дамыған оқушы. Ал ең басты ерекше қабілетті оқушы мұғалімнің көмекшісі. Ғылыми зерттеулерге қарағанда, ерекше қабілетті, талантты балалардың био-химиялық, электрлік белсенділігі жоғары келеді. Олардың миы қабылдаған мәліметтерді қорытуға қабілетті. Демек, ерекше қабілеттілік бала бойында тәрбие мен алған біліміне байланысты қалыптасатын қасиет. Дегенмен, балалардың да ынталылығы, іскерлігі қоғам негізінде игерілетінін естен шығармаған жөн [2].
Біз ойлаймыз дарындылық оқушының тәуелді мүмкіндіктері десек нағыз дарынды оқушыны анықтау оның жан дүниесіне, ойлау қабілеті мен шығармашылық ізденіс күшін анықтасақ, дарынды оқушы ол өзінің іс-әрекетіне тиімсіз жеке бойындағы ізденіс қасиетіне бір пәнге деген қызығушылығы немесе кейбір шебер қолөнер, көркемөнерпаз үйірмелер арқылы дамуына өз ықпалы туады. Әр адамның әрекетінің бір түріне жарамдылығын көрсететін дара ерекшелік болады. Қандай да болсын бір нәрсеге қабілеті жоқ адам болмайды. Дарындылықтың негізі ізденіс пен белсенділік. «Ізденіс» оқушылар ғылыми қоғамның жұмысы. Оқушылардың ғылыми қоғамның секция жұмысы және оқушының ғылыми қоғамның бұқаралық жұмысы байқалады. Жалпы жиналыс, конференциялар, байқаулар, олимпиадалар, көрсетулер, ғалымдармен кездесулер, тақырыптық кездесулер ұйымдастыру, көрмелер, ғылыми және жоғары оқу орындарының лабораториясына бару, ғылым, техника апталықтарына, басқа да бұқаралық шығармашылық істерге қатысу; түрлі байқауларды қою мен өткізу, референттік жұмыстарды талдау, ғылыми-зерттеу іздеу. Өнертапқыштық жұмыстарды қорғау, сараптамалық лабораториялардың әдіс-тәсілін тереңдетіп көрсету[5].
Жоба - бұл жасалуға, қайта құрылуға, қалпына келтірілуге, салынуға тиісті кәсіпорындар мен ғимараттардың, қондырғылар мен жабдықтардың, аппараттардың, т.б. макеттері, есептеулері және принципті дәлелдері көрсетілген техникалық құжаттар жиынтығы. Жобаны ғылыми тұрғыда дайындау үшін жобалық тапсырма беріледі де, сол бойынша есептеу жүргізіліп, жоба қамтитын мәселелер тұтас шешім табады [7].
· Техникалық жоба - конструкциялық құжаттаманың бұйымды жасау кезіндегі 3-ші стадиясы (эсқиздік жобадан кейін) оған мына этаптар жатады:
· жалпы құрастыру сызбасын аяқтау, шасси пакетін жасап шыгару, агрегаттар конструкциясын жасап шығару;
· Нобай жоба - бұйымды жасау кезіндегі конструкциялық құжаттаманы жасаудың 2-ші сатысы (техникалық ұсыныстан кейін) - мынадай кезендер жатады: - эскиздік құрастыру сызбасы, ізденіс макеттерін құру, ішкі және сыртқы пішімдеу; - бұл конструкциялық құжаттар мен пішіндердіқ жиынтығында, ол жолаушылар мен жүргізушінің орналасуы, бұйымның сыртқы және ішкі пішіндері туралы толық көрініс беретін қорытынды техникалық шешімдер болуы керек [8].
1. ЖОБАҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР
1.1 ЖОБА ҚҰРЫЛЫМЫ
Мазмұны (тізім мен беттері көрсетіледі)
1 Кіріспе
1. 1 Жобаның қысқаша негіздемесі
Жобалау саласындағы шынайы жағдайға шолу жасау, кемшіліктерді, қарама-қайшылықтарды, мәселелерді айқындау.
Жалпы түрде мәселелерді шешу немесе жағдайды жақсарту жолдары көрсетілетін жобаның идеясы.
1.2 Жобаның мақсаты мен міндеттері
Жобаның мақсаты – мәселелерді шешуде жаңа педагогикалық немесе басқару жүйесі.
Жобаның міндеттері – жобаның мақсатқа жету жолдары, негізгі әдіс-тәсілдері.
1.3 Күтілетін нәтижелер
Әр міндеттер бойынша қалыптасады.
2 Жобаның негізгі мазмұны
2.1 Теориялық негіздемесі.
2.2 Жоба өнімінің сипаттамасы.
2.3 Жобаны жүзеге асыру іс-әрекетін жоспарлау (өнімді құрудағы міндеттер кешені мен жұмыс түрлері).
3 Жоба тиімділігін бағалау критерийлері
Жобаны жүзеге асыру жобалау саласында жағдайдың түзелуіне әсер етіп, мәселені шешуге септігін тигізетін белгілер.
4 Жобаны тиімді түрде жүзеге асыруда кездесетін кедергілер, болуы мүмкін қиындықтарды болжау (материалды, техникалық, кадрлық ресурстар)
5 Глоссарий
6 Қолданылған әдебиеттер тізімі:
а) ҚР нормативті актілері;
б) ғылыми-әдістемелік баспалар.
7 Қосымша
7.1 Жобаны жүзеге асыру жоспары.
7.2 Алгоритмдер , сызбалар, диаграммалар.
7.3 Пікірлер, рецензиялар, дайын материалдар (болған жағдайда).
ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСЫНЫҢ ЖОСПАРЫН ҚҰРУ
Зерттеу жұмысының жоспарын құру бұл тақырып бойынша жұмыс жасауға және зерттеудің басында қойылған тапсырмаларды шешуге жол көрсетеді.
ҒЫЛЫМИ ЖОБА ТАҚЫРЫБЫН ТАҢДАУ
ТАҚЫРЫП - мәселелердің өзіне тән сипатын көрсетеді, сонымен қатар тақырыпта қысқа формада құрылған, айқын бір мағыналы, дәл, жарнамалық мәселелерді шешу әдістері болады.
Тақырыпты таңдау ережесі:
1) Ғылымның осы саласындағы фактілерді, оқиғаларды, құбылыстарды және жеке, бұрын мәлім болмаған жақтарын жариялайтын;
2) Практикалық тапсырмаларды шешуде жаңалық еңгізетін аппараттар, модельдер мен аспаптардың конструкциясын ұсынатын, мектептегі экспери-менттерді , өндірістік үрдістердің ұтымды пайдалануын жетілдіруге қатысатын;
3) Әлеуметтік - экономикалық мәселелерді шешуге бағытталатын экономикалық - заңды негіздемесі бар компьютерлік модельдер мен жобалар;
4) Жарысқа кәмілеттік жасқа толмағандарға рұқсат берілмейтін аппаратуралар, сондай-ақ адам денсаулығы мен жануарларға зиянды заттары бар (уытты, радиоактивті, канцерогендік және мутагендік әрекеттегі зерттелмеген биологиялық активті құрамалар, адамдар мен жануарларға патогенді немесе оған тең заттар, микроағзалар, вирустар, алкоголь, темекі т.б) және жануарларға қатыгездік көрсететін эксперименттер пайдаланылған жұмыстар жарысқа қатысуға жіберілмейді;
5) Ғылыми жарыстарда бұрын қаралған және қорғалған жобаларды жарысқа қатыстыруға жол берілмейді.
ЗЕРТТЕУ ТАҚЫРЫБЫ БОЙЫНША ӘДЕБИЕТТЕРДІ ЗЕРДЕЛЕУ
Жұмыстың бұл кезеңінің мақсаты оқушылардың бойында тақырып бойынша әдебиеттерді таңдай білуді, библиографиялық тізімді сауатты құра білуді қалыптастыру. Осы жұмысты орындаған кезде келесі тақырыптар ескерілу керек:
1. Библиографиялық тізімде өзіне тән ең кем дегенде 15 түрлі жұмыс болу керек, олардың қатарында монографиялар, жинақ мақалалары және әртүрлі ғылыми журналдар, диссертациялық авторефераттар, арнайы зерттеулер мен басқа да жұмыстар болу керек.
Мәселелердің жаңашыл мен көкейкесті қағидалары - соңғы 3-5 жыл ішіндегі әдебиеттермен жиі жұмыс жасауды, ал мәселелердің жан- жақты және кешенді қарастыру қағидалары қазақстандық, ресейлік, әлемдік әдебиеттермен жұмыс жасау болжайды.
2. Тізімге енген барлық жұмыстар алфавиттік тәртіппен орындалу керек.
3. Тақырыпты сипаттау кезінде автордың тегі, аты- жөні, жұмыстың аты, шығу мәліметтері: шыққан жері, баспасы, жылы, бет саны көрсетілуі керек. Журнал мақалалары сипатталса, онда осы мақала жарияланған журнал атауы, шыққан жылы, нөмірі көрсетілу керек.
ЖОБАНЫ ҚОРҒАУ
1. Жобаны қорғау жобаның орындалуын тексеретін ерекше формалардың бірі болып табылады. Жобаны қорғауда тыңдаушы өз кәсіби мәселелерін шешудің жан-жақты негіздемесін ұсынуы қажет. Жоба топ алдында, тыңдаушылардың қатысуымен қорғалады.
2. Жоба қорғаушы шағын жобаны 7-10 минут аралығында қорғайды. Қойылған сұрақтарға жауап бергенде барлығы 20 минуттан аспау керек.
3. Жоба сараланған түрде бағаланады.
4. Жобаға саралау жасалып және қорғалып болған соң нәтижелердің сапалық және сандық талдауы жасалады.
Ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастырудың негізгі бағыттары мен ерекшеліктері:
• түрлі ғылыми-зерттеу жұмыстарды орындауда оқушылар мен оқытушылардың бірлесе жұмылуының арқасында оқу үдерісі сапасын көтеру;
• оқушылардың қолданбалы, әдістемелік, ізденушілік және іргелі ғылыми зерттеулер жүргізуге қатысуы;
• арнайы оқу орындарының ғылыми мектептерінде ұрпақ ізбасарлығын қолдау және дамыту;
• оқушыларда өз бетінше тұжырымдар мен қорытындылар жасай білу қабілетін дамыту;
• оқушыларға оқу үдерісінде қазіргі ғылымның түрлі бағыттарында өз күштерін сынай білуге мүмкіндік беру;
• оқушыларды өнертапқыштық, шығармашылық жұмыстарға тарту[8].
Сонымен бұл мақалада біз ғылыми жоба дайындаудың әдіс-тәсілдерін және тиімді жолдарын қарастырдық жәнеде оқушыларды ғылыми жоба дайындауға баулу ерекшеліктеріне тоқтадық. Сонымен қатар, оқушылардың ғылыми зерттеу жұмыстарына қызығуын қалыптастыру, шығармашылық қабілетін дамыту, қазіргі техниканы пайдалану мәдениетіне тәрбиелеу - ұстаздардың басты міндеті екенін айтып кеттік.
Қорытындылай келер болсақ, оқушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстары білім берудің негізгі бөлігі және білім сапасын арттырудың тиімді тәсілі болып саналады.