Cабақты талдау үлгісі
1.
Сабақтың дидактикалық түйіні – оқушының жаңаны ашу әрекеті. Олар бақылайды, талдайды, салыстырады, топтайды, үйлестіреді.
2.
Балалар сабақта не істеді, шын ниетімен еңбектенеді ме? Жұмысқа барлық оқушының тартылуы.
3.
Жаңа білімді меңгерту жұмысы мен баланы дамыту жұмысының біріктіріле жүргізілуі қалай жүзеге асты? Бала ойына шектеу қойылмады ма?
4.
Сұрақтардың қойылуы, мазмұны.
5.
Іздену, бірге іздену әрекетінің ұйымдастырылу жайы. Өзара түсіністік, сөйлесу, тілдесу жайы.
6.
Балалардың сабақтағы жай-күйі:
танымдық сипаты /қызығушылықпен, білімді баға үшін емес, қажеттілігін түсіне меңгеруі/;
сабаққа ақыл-ой ғана емес, сезімінің де қатысуы. Қабылданған білімге сену, көзін жеткізу.
Танымның сезіммен бірігуі. Сезімге әсер еткен дүние жақсы қабылданатынын ескеру.
7.
Қайталау қалай жүрді? Қайталанған сайын жаңа білім қосылып отырды ма?
8.
Сабақтың икемді түрі. Жоспармен емес, балалар арқылы жұмыс істеу.
9.
Мөлшерді сақтай отырып, жоғарғы қиындықта оқыту.
10.
Оқушының бұрынғы біліміне сүйену.
11.
Мұғалімнің бүкіл жұмысының баланың білімді жете түсінуіне бағытталуы.
12.
Білімді меңгеру жағдайын үнемі ескеріп отыру.
13.
Оқушы мен оқушының, мұғалім мен оқушының пікірлесуі. Пікірлесу мазмұны үшін баланы кемсітпеу.
14.
Тәрбиенің білінбей, жанама жүруі. Білім, даму және тәрбиенің бірлігі.
15.
Сабақтағы мұғалімнің тұлғасы. Мұғалімнің таңдану сезімін оятуы, жетістікке қуануы, сананың алғашқы өсу қадамын мадақтауы т.б.
16.
Мұғалімнің сырт бейнесі.
Өз сабағынды қалай талдау керек?
Шығармашыл мұғалім – бұл бірінші кезекте жоғары педагогикалық мәдени адам. Бұндай мәдениеттің бір түрі – аналитикалық шеберлік. Өз қызметінді талдай білу – әр адамның маңызды сапасы, шығармашыл ұстаз үшін де бұл өте маңызды. Ұстаз өз қызметін талдай білу керек, бірінші кезекте сабағын.
Талдау неден құрылады?
Сабақ барысында оқушы нені білуі және не нәрсені үйренуі керек еді?
Мұғалім оны қалай өткізеді? (әдісін және әрекетін айту)
Содан кейін мұғалім мен қатысушы сабақты талдайды, бағалайды.
Сабақ элементтері төмендегі критерийлермен бағаланады (үлгісі).
Сабақтың құрылымын бағалау:
- гигиеналық талабы, мұғалімнің сабақтың сабақ кестесіндегі орнын , апта күндерін, жыл мезгілін, балалардың шаршай немесе қозу деңгейін бағалайды,
- сабақтың тақырыбының бағдарлама бойынша тараудағы өзара байланысын,
- сабақ мақсатының –типінің-құрылымының сәйкестігін.
Мақсат қою мен оқу үрдісінің мотивациясын:
- мұғалімнің сабақ мақсаты мен үш міндетінің бірлігін,
-оқушылардың алдында мақсатын қоя білуі,
- мақсатының, міндетінің сабақтың кезеңдері мен мазмұнына сәйкестігін,
- сабақ үстінде оқылатын материалдың маңыздылығын, өміршеңдігін анықтау,
-оқушылардың оң мотивациясы,
- сабақ үстінде жетістік жағдаяты, оқушының өзін-өзі бағалауының сақталуы,
- оқушының белсенділігі мен танымдық қызығушылығын дамытудағы іс-әрекетін бағалау тиімділігі .
Білім беру мазмұнын бағалау:
- ғылымилығы, қолжетімділігі және оқылатын материалдың меңгеругемүмкінділігі,
- оқу ақпаратының жаңашылдығы, өзектілігі және тартымдылығы,
-сабақ компоненттернінің тиімді жиналуы (оқу материалы, бекіту, қайталауы, өз бетінше жұмысы және т.б.)
-сабақ кезеңдері арасындағы логикалық байланыстың негізделуі,
-сабақты қорытындылауы, оқушы іс-әрекетін талдауы,
-үй тапсырмасы (әдісі мен көлемі), тапсырмалардың ізденушілік бағытының болуы,
- сабақ уақытын ұтымды пайдалануы, жұмыс темпінің тиімділігі.