Қожанов Алмас Орынбасарұлы 1984 жылы 9 қазанда БҚО Ақжайық ауданы Құрайлысай ауылында дүниеге келген.. Білімім жоғары М.Өтемісов атындағы БҚМУ физика - информатика факультетін Информатика пәні мұғалімі мамандығы бойынша тәмәмдаған. Еңбек жолын Ақжайық ауданы Құрайлысай ауылының Талап орта мектебінде информатика кабинетінің лаборанты болып бастаған. Ақжайық ауданы Сайқұдық ауылының Ж.Молдағалиев ат орта мектебінде информатика пәнінің мұғалімі болып жұмыс атқарған. 2010 жылдан БҚО Орал қаласының №12 мектебі информатика пәні мұғалімі және тәлімгер. 2012 жыл Теректі ауданы Чапаев ЖОББМ информатика пәні мұғалімі және директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары. 2018 жыл 1 тамызынан бастап Талап МБК мектеп директоры қызметі. 2021жыл сәуір айынан бері Ақжайық ауданы «Тайпақ мектеп-гимназиясы» КММ директоры қызметінде. Отбасылы екі қыз, бір ұл тәрбиелеп отыр.

Иманкулова Райгуль Серикбаевна 1985 жылы 10 қараша күні БҚО Бөкей Ордасы ауданында дүниеге келген. 2003 ж аралығында Бөкей Ордасы ауданы М.Маметова атындағы ЖОББМ аяқтады. 2003-2007 жж  М.Өтемісов ат. БҚМУ "Химия және биология пәні мұғалімі" мамандығы  бойынша жоғары білімін  алды. 2007-2009 жылдар бастап  Лбішін негізгі мектебі химия пәні мұғалімі, 2009-2012 жылдар аралығы Қаршы орта жалпы білім беретін мектебінің химия пәні мұғалімі, 2012 жылдан бастап «Тайпақ мектеп-гимназиясы» КММ – де химия пәні мұғалімі болып қызмет атқаруда. 2018 жылдан бастап «Тайпақ мектеп-гимназиясы» КММ – де директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқаруда. Педагог-сарапшы.  «Жаңартылған мазмұндағы оқыту», «Тәжірибедегі рефлексия» курстарын аяқтады. Аудан-облыс көлеміндегі жарыстардың жеңімпазы, 2018 жыл аудандық білім бөлімінен Алғыс хат, 2020 жылы - аудандық білім бөлімінің Құрмет грамотасының иегері.

 

 

Умирзаков Еркебулан Саматович

Директордың бейінді оқыту жөніндегі орынбасары