Аттестаттаудан өтетін мұғалімдердің құжаттары:

1. Педагог қызметкердің өтініш берген біліктілік санатына қызметінің сәйкестігін белгілеу үшін сараптама тобының қарауына мынадай құжаттар ұсынылады:

1) барлық аттестатталатын педагог қызметкерлердің міндетті ұсынуға қажетті құжаттар көшірмелері:

аттестаттауға өтініш;

жеке басты куәландыратын құжат;

білімі туралы диплом; еңбек кітапшасы;

бұрын берген біліктілік санаты туралы куәлік;

біліктілікті арттыру курстарынан өту туралы құжаттар.

2) кәсіптік жетістіктері туралы мәліметтер (болған жағдайда):

педагогтің ғылыми-әдістемелік қызметі туралы куәландыратын құжаттар:

ғылыми-практикалық конференцияларға, шығармашылық конкурстарға, семинарларға, дөңгелек үстелдерге, әртүрлі деңгейдегі педагогикалық оқуларға қатысу;

мерзімді басылымдардағы, бұқаралық ақпарат құралдарындағы ғылыми-әдістемелік материалдар жарияланымдарының көшірмелері;

педагог қызметкердің кәсіптік құзыретін тәуелсіз бағалау қорытындылары: пікірлер, оқушылар мен тәрбиеленушілерден,

ата-аналардан, әріптестер мен әкімшіліктен алынған сауалнамалар нәтижелері; практика базалары, жұмыс берушілер тарапынан пікірлер, ЖОО-ға түсу немесе еңбекке орналасу туралы ақпарат; педагогикалық қызметтің нәтижелері: педагог қызметкердің, білім алушылар мен тәрбиеленушілердің оқу, шығармашылық, спорттық, пәндік олимпиадаларға, конкурстарға, байқауларға, жарыстарға, ойындарға қатысуын растайтын құжаттар;

педагог қызметкердің наградалық материалдары; соңғы үш жылдағы қызметкердің кәсіптік қызметі нәтижелілігінің динамикасы (мерзімінен бұрын аттестатталатын жағдайда – 1-2 жыл).