Тайпақ ауылы туралы мәлімет

 

Ақжайық аудандағы ауыл, әкімшілік округ орталығы. Аудан орталығы — Чапаев селосынан оңт-ке қарай 142 км жерде, Жайықтың оң аңғарының жуса ны аралас баялыш, көкпек, бетеге, қау өскен сұр, сортанды сұр, шалғыңды қоңыр топырақты шөлді белдемде орналасқан. 1996 ж. дейін Калмыков с. деп аталып келген. Тұрғыны 6,2 мың адам (1999). Тайпақ жөніндегі алғашқы мәліметтер 16 ғасырға жатады. Орал қаласына кейінгі облыс аумағындағы ең көне елді мекен — осы Тайпақтың орнындағы бұрынғы Калмыков кенті. Елді мекенде қалмақ хандығының ордасы болған. Аңыз бойынша, бұл жерге бір қезде қалмақ князі қоныстанған. Оны жергілікті қазақтар «Князь қала» деп те атайды. Екі ғасыр бойы қамал ретінде және Азиядан Ресейге баратын сауда керуен жолындағы елді мекен болды. 1875 ж. уездік қалаға айналған. Мұнда 1884 ж. «Тургенев кітапханасы» 479 деп аталатын кітапхана, мектеп, медпункт ашылады. Тайпақта жыл сайын үлкен жәрмеңкелер өтіп тұрады. Жаратылыстанушы ғалымдар мен саяхатшылар (П.И. Рычков, 1734; П.С.Паллас, 1769; Н.А. Северцов, 1862) жол жазбаларында Тайпақ туралы және Жайықтың осы өңірі туралы құңды деректер жазып кеткен. Саратов-Орал темір жолы салынғаннан кейін Тайпақтың сауда маңызы жойыла бастады. Өйткені шығыстан келетін керуен жолы Ойыл арқылы өтіп, Оралға тура тартатын болды. 1928-1997 жылдар аралығыңда Тайпақ ауданның орталығы және «Краснояр» қаракөл қой өсіру кеңшарының орталығы болды. Оның негізіңде1997 жылдан Тайпақта оған қарасты Шабдаршап, Томпақ ауылдарында 237 шаруа қожалығы жұмыс істейді. Ауылдарда 4 орта, 2 орталау мектеп, кәсіптік-техникалық мектеп, мәдениет үйі, 4 кітапхана, дәрігерлік-амбулаторлық және 3 фельдшер-акушерлік пункт орналасқан. Тайпақ арқылы Орал-Атырау автомобиль жолы өтеді. Жайық арқылы кеме қатынайды.

 

«Тайпақ мектеп-гимназиясы» Коммуналды мекмлекеттік мекемесі туры мәлімет

 

Тайпақ елді мекенінде жаңа тұрпатты оқу орны мектеп-гимназия ашу мәселесі ауыл тұрғындары мен жұртшылық ұсынысымен сол кездегі аудан әкімі Әлібек Байжанұлы Сәтбаевтың қолдауымен 1997 жылы шілде айының 14 күні шешілді.

   1 қыркүйек 1997 жылы мектеп-гимназияға төңіректегі Қ.Байсықов, Краснояр, Сартоғай, Базаршолан орта, Краснояр, Махамбет Өтемісұлы, Қызылжар негізгі мектептерінен 104 оқушылар тартылып іріктеліп 6 сынып гимназия шәкірттерін құрады. Оқу орны алғашқы түлектерін 2002 жылдан бастап шығарды.

   2002 жылы 6 түлек мектеп-гимназияны аяқтаса, оның 2-уі грантқа ие болып  Мед.институтқа түскен Ергалиева Гамиля, БҚМУ-ға түскен Өмірзақов Еркебулан, мемлекетік несиеге ие болған Кашимова Индира-БҚМУ.

   2003 жылы 15 оқушы аяқтады. Оның біреуі грант иесі Оразғалиева Бибигуль (БҚАТУ), екеуі несие иелері Бекмағамбетов Бекзат (Қаз ИТУ), Сакесов Ерлан (БҚАТУ).

  2004 жылы 15 шәкірт аяқталды. Оның алтауы жоғары оқу орнына түсіп, студент атанды. Мемлекеттік грантқа ие болып Агротехникалық университетке түскен Шулаева Жамиля, Тамашев Жанат, Демеуов Руслан,Батыс Қазақстан гуманитарлық университетіне физика-информатика  факультетіне түскен Бергалиева Ботагөз, және мемлекеттік несиеге ие болғандар Омаров Әлишер БҚАТУ, Садыкова Ақтілек БҚГУ.

    2005 жылы мектеп-гимназия 13 түлек аяқтады, оның 2 үздік аттестат иегері атанды олар Жанар Душаева, Нұргүл Байғалиева, 7 грант иесі атанып, жоғарғы оқу орынына түсті. Байғалиева Нұргүл, Қайырғалиева Элеонора Ақтөбе қаласындағы медициналық академияға, Душаева Жанар, Душаева Альбина, Альжанова Айгүл,Ерғалиева Жанат Батыс Қазақстан агротехникалық университетке, Ғиылманова Айтұрған Орал қаласындағы өнер институтына түссе Иманғалиева назгүл, Нәсіпқалиева айда колледждерде бюджет есебінен түсіп мамандық алуда.

   2006 жылы мектеп-гимназияны бітірген 5 түлек түгел грант иесі атанып, жоғарғы оқу орындарына түсті. Джумакаева Айгерім Алматы медицина институтына, Бахманова Асемгуль қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтына, Нугманов Жандос Көкшетау техникалық институтына, Демеуова Гульфия БҚАТУ, Жұмағалиева Жадыра БҚМУниверситетінде оқып, мамандық алуда.

  2007 жылы аяқтаған 10 оқушының бесеуі грант иесі атанып, Умарова Г. Астанадағы Еуразия институтына, Мизамғалиева А. Ақтөбе қаласындағы Медициналық Академиясына және 3 түлек БҚМУ-не оқуға түсті.

  2008 жылы аяқтаған тоғыз оқушының сегізі грант иесі болды. Оның үшеуі БҚАТУ-нің, екеуі Ақтөбе қаласындағы Медициналық Академияның, біреуі БҚМУ-нің студенті.

2009 жылы 10 шәкірт аяқтап, барлығыда жоғары оқу орнының грант иегерлері атанды. Болат Шынар Астана қаласы «Мед академияға» жалпы медицина мамандығына, Ғаббасова Гүлмайра Алматы қаласына ҚазМУ филология факультетіне, Мәлікқызы Гүлзира ҚазМУ «шет тілі» мамандығына, Серіков Айдар Алматы қаласы «Радиоэлектроника және байланыс әскери – инженерлік институты» студенті, Сасекенова Еңлік Алматы қаласы «Көлік және байланыс» оқу орнына, Орал қаласы БҚАТ университеті факультетерінің: Кулекешова Айнагул, Масенов Асқар, Мизамғалиева Ардақ, Сакенов Аян, Тоғжанов Абылайхан студенттері атанды.

2010 жылы гимназияны 10 түлек аяқтап, оның 8-і мемлекеттік грантқа  ие болса, қалған екеуі ақылы топқа түсті. Атап айтсақ Шабаев Дархан Астана қаласына Л.Гумилев ат. Евразия ұлттық университеті, Ныгметова Назгүл Алматы қаласы С.Асфендияров ат. мед университеті, Избасарова Аягөз Алматы қаласы Қ.Сәтбаев ат. қазақ ұлттық техникалық университеті, Бахытжанова Жансая; Ғиниятова Айнұр; Иржанов Өмірбек  Ақтөбе қаласы М. Оспанов ат. медуниверситеті,

 Саясатова Меруерт Орал қаласы БҚАТУ студенттері атанды.

2011 жыл 12 мектеп бітіруші аяқтап, соның 7-уі  грант иегерлері атанып, Астана қаласына 2, Алматы қаласына 3, Ақтөбе қаласын 1, Орал қаласына 1 оқушы оқуға аттанды.

2012 жылы оқуды 16 оқушы тәмәмдап, 10 - ы грант иегерлері атанды. Оның 9-ы орал қаласына, 1- і Ақтөбе қаласында  студент.

2013 жыл 25 түлек ұядан ұшып, мемлекет есебіне жоғары оқу орнына 1, 13 колледж студенттері атанды.

2014 оқу жылын 12 түлек аяқтап, 3 жоғары оқу орнына грантқа түсті, 3 –і бюджет есебінен колледжге түсті. Нұрланов Ертай «Ерекше аттестат» иеленді.