Ақжайық ауданы, Тайпақ мектеп-гимназиясы
9 сынып Жұмабеков Дәуренбек
Ұстаздар, қалай сөзді бастайын...
Сіздер жайлы баяндайын растайын.
Білім беріп тынбайсыз, еңбектеніп
Балаларды тәрбиелеп жастайын.
Ақылдасам қиналғанда өзіңмен,
Қуат алам әрбір айтқан сөзіңнен.
Санама құйып берген білімді,
Оқып келем, тоқып келем төзіммен.
Ұстазды айтады ғой шырағы деп,
Таудан аққан білімнің бұлағы деп.
Әліде бір өзіңнен, аларым көп,
Ұстазым алсам да мол білім сенен.
Ұстазсыз адам ақыл жинамайды,
Білім оқып әр кез бір сәт қиналмайды.
«Еңбек етсең емерсің» дегендей – ақ
Ұстазым бар білімін аямайды.
Ұстаздар қандай ғажап мамандығың,
Шәкірттің аластайтын жамандығын.
Тоқсан сөздің тобықтай түйіні деп,
Керек қой бізге сенің амандығың.
Ақжайық ауданы Тайпақ мектеп-гимназиясы 9 сынып Садықов Ерген
"Мектеп – білім тірегі, Ұстаз - оның жүрегі”
Ұстаз – ұлы тұлға. Болашақ ақылды, парасатты, ибалы тұлғаны тәрбиелеп шығаратын да ұстаз.. Оларға ата-аналары балаларын сеніп тапсырады. Ата-ананың сенімін ақтай отырып, елдің тапсырған осы өкілін болашақ өмірге дайындауда аз тер төгілмейді. Сол үшін де олар мақтау мен шексіз алғысқа бөленулері тиіс.
Ұстаз, мұғалім деген ұлағатты сөздерді естігенде, өзімізге екінші анамыздай болып кеткен алғашқы ұстаздарым Айкүн Қадырқызы мен Бибігүл Қабдолқызы еріксіз еске оралады. Алғашқы ұстаздарымның ақ ниеті мен шексіз махаббатының арқасында әр оқушыны өз баласындай көруге себепші болады.
Есімде әліппені жаттатқызып.
Ең алғаш қолға қалам ұстатқының – деп өлең жолдарында жырланғандай алғаш мектепке қабылдаған Айкүн Қадырқызы мен қазіргі сынып жетекшім Бибігүл Қабдолқызына деген құрметім арта бермек. Білім көшін заман талабына сай жылжытып келе жатқан ұстаздар қауымын кәсіби мерекелерімен шын жүректен құттықтаймыз!
Ұрпақтың ұлы мұраты жолында талмай еңбек етіп жүрген ұстаздардың Тәуелсіз ел атанып, төбемізге ту тігіп, тіліміздің мәртебесі артып, әлемге атымызды танытып жатқан кезеңде ұлттың, елдің болашағы – жас ұрпақ тәрбиесіне де мықты көңіл бөлінуі қажет.
Осы егеменді, тәуелсіз Қазақстанда өркениетке бастар жолдың бастауы – мектеп десек, мектептің басты тұлғасы, жүрегі – мұғалім.
Ақжайық ауданы, Тайпақ мектеп-гимназиясы 11 сынып Төлеуғалиева Ақтоты
«Ұстаз болу – жүректің батырлығы»
Ұстаз – жас ұрпақтың рухани сәулеткері, қоғам, халық өзінің үміті мол болашағын тапсыратын сенімді өкілі. Олар сол сенімді ақтай отырып, зерделі де зерек, парасатты ұрпақ, ұлттық және адамзаттық құндылықтарды бойына дарытқан тұлғаларды тәрбиелеуде.
Мектептің басты тұлғасы, жүрегі – мұғалім. Егемен еліміздің ертеңін ойлар білімді де саналы, Отанын, туған жерін, ұлтын сүйетін ұлтжанды парасатты азаматтарды тәрбиелеп жатқанына бәріміз куәгерміз. Сондықтан да ол әрдайым қасиетті тұлға ретінде ерекшеленеді.
Ұстаздарымыз жайында халқымыздың ержүрек батыры Бауыржан Момышұлы «Ұстаздық - ұлы құрмет. Себебі, ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді. Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де, ұстаз өсіреді.. Өмірге ұрпақ берген аналарды қалай ардақтасақ, сол ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздарды да солай ардақтауға міндеттіміз» деген. Бала бойына ата-анадан кейінгі ақыл-ой, адамгершілік, әдептілік, ар-ұят, ұлттық сана сезімді сіңіруші адам – ұстаз. Өз ісіне берілген, жаңалықты жатсынбай қабылдайтын, шәкірттің жанына нұр құйып, өмірге өзі де бақытты болып, өзгелерді де бақытқа жеткізсем деп жүретін ұстаздардың жөні де, жаны да бөлек.
«Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» - деп Абай атамыз айтқандай, ұстаз еңбегінің қыр-сыры мол, қиын да жауапты, шығармашылық еңбек екендігін баршамыз мойындаймыз. Ұлағатты ой иелері де, арман атты жүрегінде алаулаған жеткіншектер де, парасатты қоғам қайраткері де бір адамға қарыздар. Ол – ұстаз! Білім ордасы Тайпақ мектеп – гимназиясының ұстаздары Тайпақ өңірінің әр шәкіртін аялап, өсіріп, өмір атты шексіз ғаламға топшасын қатайтып ұшырып отыр. Сол үшін олар бойындағы бар асыл қасиеттерін шәкірттеріне сіңіріп, тер төгуде. Сондықтан да олар мен үшін әрдайым қасиетті тұлға ретінде ерекшеленіп тұрады.
10 сынып оқушысы Мәдениет Нұрсейіт
Тілге тағзым
Көкке қарап тілеймін келешекті,
Келешегім керемет деп елестетті.
Анашыммен, әкешім, отан, тілім,
Мен үшін бәрінен де әркез мықты.
Ана тілім ардағым, асыл әнім,
Сен үшін мен биікке асыламын.
Сен үшін мен өмірді ұмытып та,
Сен үшін мен жауға да бас ұрамын.
Менің тілім ғажап тіл сөз жетпейтін,
Менің тілім азат тіл өлшенбейтін.
Өзім үшін емес мен бір күндері
Тілім үшін тік тұрып өлсем деймін.
Самға көкке, Қазақстан!
Ұйқымнан тыныш ояндым. Шұғылалы күннің шапағатын көрдім.
Табиғат-ананың махаббатына жанылып мектепке асықтым.
Мені мектепке жеткізген-бейбіт күн. Сол себепті де менің бейбіт күнге айтар алғысым көп.
Мен бейбіт күнге қалай қол жеткіздім?! Осы сұрақтың астарына үңілгім келді... Ұлан-ғайыр атырапты алып жатқан қазақ елінің дәстүрге берік, жұртына серік, досына көрік боларына тәуелсіздіктің қосқан үлесі мол. Атыраудан Алтайға дейінгі кең байтақ даланың, сай-саланың, орман-таудың, бақша-баудың, ауыл, қаланың, қара домалақ баланың, жарқын уақыттың, байлық пен бақыттың иесі-қазақ екендігін ұғындырған тұғырлы Тәуелсіздік. Бүгінгі күні әлем назарын өзіне аударған Қазақстан ең бірінші береке-бірліктің, уайымсыз тірліктің, ырыс-құттың мекеніне айналды. Ел басының салмақты да салиқалы саясатының нәтижесінде аз ғана уақытта экономикасы дамыған өркениетті елу елдің қатарынан көрінуге нық қадамдар жасалынды. Ата-бабамыз ақ найзаның ұшымен, ай балтаның күнімен қорғап қалған байтақ елдің ертеңі бүгінінен нұрлы.
Тіл мәртебе
Ей, менің ана тілім
Баба тілім
Жүрегіме, дүниеге келгенінде
Осы тілмен алғаш рет
Естідім мен анам үнін
Бабам рухы, ата ділі
Сақтап, бізге жеткізген.
Тіл - өнеге, тіл мәртебе
Бұл күні
Осы тілмен сөз тоқтатқан
Асыл дана шеберлікпен
Бесіктегі сәби үнін жырлатқан
Бітіспеген дау-дамайды.
Тілі ғана қазағымның
Біту жолмен шеше алған.
Ей, менің, қазынадай, ана тілім!
Жас жаныма шабыт беріп, нәрлендіріп жандырған
Қадірлейік сондықтан да ағайын,
Өз тіліңді жырлау деген ор мақтан.
Самға Қазағым!
Лаулап гүлдей сезім тулайды жүректен,
Аспан көкке қыран самғайды биіктен,
Қазақ ұлтым берекесін сақтаған,
Мәңгі бірге тату өмір таратқан.
Алибекова Мөлдір
Тайпақ мектеп-гимназиясының
9-сынып оқушысы
Я хочу пить воды Урала
Я хочу пить воды Урала,
Я хочу надышаться воздухом нашего края.
Хотел бы я ,летел бы я,
Летел бы я над красотой нашего края.
Я здесь родился,
Я здесь учился.
Я здесь закончу свою школу.
И проведу дни в своем краю.
Мақтанышым-тәуелсіз Қазақстан
Мақтанышым-тәуелсіз Қазақстан,
Қуанышым-егемен Қазақстан.
Самға,Самға көкке Қазақстан,
Төбемнің төрінде тұр Қазақстан.
Тайпақ
Тайпақ-туған жерім,
Өзіңмен өтті күндерім.
Сағынам сені әрқашан,
Кетпеші менің қасымнан.
Тасқалиев Арман
8-сынып оқушысы
Арнау
Тарихымда жазылып алтын әріппен,
Тәуелсіздік, құшақты жайып келдің сен.
Тірліктің мәнін ұғындырып халқыма,
Жақсылықтың ізгі дәнін септің сен
Жеріңде қазақ күлкіде қайта молықты,
Арқаңда сенің қадірледі ұлттар достықты.
Жасампаздықты ту қылған менің жеріме
Алпауыт елдер таңдайын қаға көз тікті.
Нұрсұлтан аға- егемен еелдің ел басы,
Саясаты оның халқына болды жолбасшы.
Мақсаты- жұрртыңшатөшадымен тұрмысы,
Арманы оның,Алла тағала қолдашы!
Мәдениет Нұрсейіт
9-сынып оқушысы