Сауалнама
Сіз  қандай  ата-анасыз?
  1. Кез-келген  ісіңізді  тастай  салып  баламен  айналыса  аласыз  ба?
  2. Балаңыздың  жасына  қарамай,  онымен  ақылдаса  аласыз  ба?
  3. Балаңызбен  қарым-қатынас  барысында  жасаған  қателеріңізді  мойындайсыз  ба?
  4. Өзіңіздің  қателігіңіз  үшін  баладан  кешірім  сұрайсыз  ба?
  5. Балаңыз  жасаған  іс ашуландырған  кезде  өзіңізді  ұстап,  ашуды  жеңе  аласыз  ба?
  6. Балаңыздың  орнына  өзіңізді  қоя  аласыз  ба?
  7. Бір  сәтте  сізге  мейірімді  адам  деп  сенуге  болады  ма?
  8. Өзіңіздің  басыңыздан  өткен  балалық  шағыңыздан  ескерілетін  жағыдай  айтасыз  ба?
  9. Балаңыздың  жүрегін  жарақаттайтын  сөздерді,  сөйлем  тіркестерін  атамауға  тырысасыз  ба?
  10. Балаңызға  уәде  беріп,  жақсы мінез-құлқын ескере отырып уәдеңізді орындайсыз ба?
  11. Балаға қалаған ісін жасауға, өзін ұстауға кедергі жасамай бір күн еркіндік бересіз бе?
  12. Басқа бала сіздің балаңызға дөрекілік көрсетсе , себепсіз ренжітсе, көніл аудармайсыз ба?
  13. Балаңыздың көз жасы, дөрекі еркелеуі уақытша екенің білесіз, соған қарсы тұра аласыз ба?

 

Жауабы:

  1. Қолымнан  келеді  және әр кезде солай жабаймын
  2. Қолымнан келеді, алайда әр кезде солай істей алмаймын
  3. Қолымнан  келмейді.

 

Біз  қандай  ата-анамыз?

 Кейде  ата-аналар  өздерін  бала  тәрбиесінде  өз  міндетімізді  ойдағыдай орындап жүрген жақсы ата-анамыз ба? Деп ойланып қалады.

Төменде осы мәселеге байланысты мына сұрақтарға «иә, жоқ, кей кезде» деп жауап беріп, өздеріңіздің қандай ата-ана екендіктеріңізді тексеріп көріңіздер.

  1. Теледидирдағы, радиодағы немесе күнделікті баспасөз хабарларындағы бала тәрбиесіне байланысты мәселені қадағалап отырасыз ба ?Кез-келген уақытта осы  тақырыпта кітап оқисыз ба?
  1. Бала тәрбиесіндегі ойыңыз жұбайыңзбен бір жерден шыға ма ?
  1. Балаңыз  бұзықтық жасады , сол кезде сіз оның бұл міңезіндегі кемшілікті өзіңіздің берген тәрбиенізге байланысты деп ойлайсыз ба?
  1. Егер балаңыз жұмысыңызға өз көмегің ұсынса қабылдайсыз ба?
  1. Бұл жұмысыныңыз кешігіп немесе мүлдем тоқтап қалатын жағыдай болса ше?
  1. Қатты қажет болған кезде ғана балаңызға бұйрық беріп немесе тиым саласыз ба?
  1. Баланы қоршап тұрған орта оған тікелей әсер ететінің мойындайсыз ба?
  1. Дене шынықтыру мен спорттық  ойындар бала дамуында маңызды мәселенің бірі екеніне сенесіз бе?
  1. Балаңыздан  көмекті бұйырып айтпай, жай ғана сұрап ала аласыз ба?
  2. Баланызға «оқыту» үшін «менің уақытым жоқ» немесе «тоқтай тұр, мен жұмысынды бітіріп алайын» деп айту өзіңізде жақсы әсер қалдыра ма?