08:42
«Мұғалім тұлғасының кәсіби өсуі»

22 қыркүйек Тайпақ мектеп-гимназиясында мұғалімдерге арналған «Мұғалім тұлғасының кәсіби өсуі» тақырыбында семинар-тренинг өткізілді. 

Мақсаты: Білім сапасын көтерудің негізгі тетігі – ұстаз, сондай-ақ оның теориялық білімі мен кәсіби шеберлігі, шығармашылық қызметі. Қазақстандағы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында Қазақстанда оқитындарды сапалы біліммен қамтамасыз етіп, халықаралық рейтингілердегі білім көрсеткішінің жақсаруы мен қазақстандық білім беру жүйесінің тартымдылығын арттыру үшін, ең алдымен, педагог кадрлардың мәртебесін арттыру, олардың бүкіл қызметі бойына мансаптық өсуі, оқытылуы және кәсіби біліктілігін дамытуды қамтамасыз ету, сондай-ақ педагогтердің еңбегін мемлекеттік қолдау мен ынталандыруды арттыру.

Семинар – тренингті мектеп психологы Дюсенгалиева Гүлайша Мұратқызы мұғалімдерге жағымды көңіл – күй қалыптастыру мақсатында «Амандасу», «Өкпені еріту», «Сіз қандай жұмысшысыз?» тақырыбындағы тренингтар өткізіп, қорытындыларымен таныстырды. Осыдан кейін директордың бейіндік оқыту жөніндегі орынбасары Бисенова Ляззат Бирлесқызы «Мұғалімнің кәсіби құзыреттілігінің артуы» тақырыбында баяндама оықп, презентациямен таныстырды. Облыстық «Зерде» шығармашылық тобының мүшесі, физика пәні мұғалімі Хабибуллина Асима Серікқызы «Ғылыми жұмыстың рәсімделуі»   жайында жаңа ақпараттармен таныстырып, өз тәжірибесімен бөлісті. Мектебіміздің тәрбие ісінің меңгерушісі Лұқпанова Самал Ерланқызы ұжымдық «коллонамен су жүргізу», «мақсатқа жету», «алдағы күнімді елестетемін» сияқты тренингтарды өткізіп, ұжымның берік, ұйымшыл болуына өз үлесін тигізіп жақсы көңіл күймен тарқасуға жағдай жасады.

Мұғалімнің кәсіби өсуі ол – заман талабы. Білім беруде кәсіби құзырлы маман иесіне жеткен деп мамандығы бойынша өз пәнін жетік білетін, оқушының шығармашылығы мен дарындылығына жағдай жасай алатын, тұлғалық-ізгілік бағыттылығы жоғары, педагогикалық шеберлік пен өзінің іс-қимылын  жүйелілікпен атқаруға қабілетті, оқытудың жаңа технологияларын толық меңгерген, отандық, шетелдік тәжірибелерді шығармашылықпен қолдана білетін кәсіби маман педагогті атаймыз. Біздің мектептің ұстаздары да өздерін жан-жақты жетілдіріп, бір-бірімен тәжірибе алмасып отырады. 

Просмотров: 1374 | Добавил: taipakokushy | Рейтинг: 5.0/1
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]