08:52
Тіл мәртебесі – ел мерейі

     Тайпақ мектеп – гимназиясында 19-26 қыркүйек Қазақстан тілдері мерекесіне арналған «Тіл – татулықтың белгісі» атты апталық аталып өтілді. 19 қыркүйек тілдер апталығының ашылуына арналған үш тілде әдеби монтаж ұйымдастырылып, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Бисенова Л.Б. «Мақсатымыз – «үш тұғырлы тіл саясатын» жүзеге асыру» тақырыбында баяндама оқып, оқушыларды апталыққа белсене қатынасуға шақырды. 22 қыркүйек қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Бисенова Л.Б. «Менің тілім – мемлекеттік тіл» және орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Юшина Н.А. «Лингвистическое карусель» тақырыптарында 5-6 сынып оқушыларына арналған екі тілде біріктірілген сыныптан тыс шаралары ұйымдастырылды. Мақсаты:  Оқушылар екі тілде де еркін сөйлеуге дағдыландыру және өмірде қолдана білу. 23 қыркүйек 5-7 сыныптарға мектеп тәлімгерінің ұйымдастыруымен «Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ» сайысы оздырылды. Мақсаты: мақал – мәтелдердің мән мағынасын ұғынып, қазақ халқының мақал-мәтелдерін жатқа білу және ойлауды дамыту. 5-7 сынып оқушыларынан 3 топқа оқушылар іріктеліп алынып, «Бәйтерек», «Қыран», «Жүйрік» топтары құрылып, өзара сайысқа түсті. Сайыс соңында «Қыран» тобы үздік болды. 24 қыркүйек қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Урынгалиева Мәнет Төреғалиқызы және 9 сынып оқушыларының ұйымдастыруымен жазушы, депутат, драматург ақын Мұхтар Шахановтың шығармашылығына арналаған поэзия кеші өткізілді. Мақсаты: оқушылардың Мұхтар Шаханов туралы білімдерін жетілдіру, пысықтау. Ұлы адам өмірінен, шығармашылығынан үлгі-өнеге алуға тәрбиелеу. Ақын шығармаларына деген қызығушылығын арттыру, шығармашылығын, өзіндік ізденісін дамыту. 

Поэзия кешінде 9 сынып оқушылары Мұхтар Шахановтың «Мені неге Мұхтар қойған» Ғайса А., «Өмірі мен шығармашылығымен таныстыру» Мақсот Д., «Ақ пен қара» Қуатов Ж., «Көкірегімде төрт сәуле бар», «Қасымды қабылдамаған адам хақында» Болатова А., «Мен қыз үшін ұялдым» Сәлімұлы А., «Жайықпен жүздескенде» Кенжебаев Е. өлеңдері оқылып 11-сынып оқушысы Ғабиденов Еламанның орындауында «Әке туралы жыр» әні орындалды. Сонымен қатар бұл шараға мектебіміздің ұстаздары Саркенова Г., Мурсалимова И., Джумагулова Б., Хабибуллина А., Жумагалиева Д., Лукпанова С. белсене қатынасып, «Туған күн кешінде», «Арыс жағасында», «Ақ бантик», «Гүлдәурен», «Мен саған өкпелемеймін» әндерін шырқады.  Директордың оқу ісінің меңгерушісі Саркенова Гүлшарат Мұратқызы Мұхтар Шахановты ғасырдың ғаламат ақыны екендігін айтып, оқушыларды кітап оқуға шақырды.

Ғасырдың ғаламат ақыны М.Шахановтың өлеңдері мен әндері өшпейтін мұра. Олай болса, еліміздің біртуар азаматтарын қадірлей білейік ағайын!

26 қыркүйек тілдер апталығын қорытындылау мақсатында тәрбие ісі меңгерушісі Лұқпанова С.Е. ұйымдастыруымен  5-11 сыныптар арасында «Қазақстан – достық мекені» тақырыбында ұлттар фестивальі өткізілді. Мақсаты: «Ел бірлігі – ең асыл қасиет, бірлік, ынтымақ, сабырлық пен парасаттылық ең алдымен өзімізге керек»,- деп Елбасымыз айтқандай мемлекетіміздің даму болашағының бір көзі – халықтардың бірлігі. Барша халыққа ортақ мекен болып отырған Қазақстанымыз жасай берсін! Қазақ халқы жасай берсін!  

Фестивальде 5- сынып «қазақ», 6 – сынып «орыс», 7- сынып «татар», 8-сынып «өзбек», 9-сынып «ағылшын», 10 – сынып «мексика», 11-сынып «грузин» ұлттары болып, сол ұлттың салт - дәстүрін, музыкасын, биін, тағамдарын насихаттады.  Мақсаты: Егеменді еліміздің болашағы – жастар. Сондықтан ұлы достық - отансүйгіштік рухтың аса бір қасиетті мәйегі. Оқушыларды отансүйгіштікке, достыққа, басқа ұлттардың тарихын, салт-дәстүрін, мәдениетін сыйлауға, адамгершілікке тәрбиелеу. Қорытындысында: І - орынға 11сынып «Грузиндер»  ІІ – 10 – сынып «Мексикандықтар»,  ІІІ – орын 5 сынып  «қазақ» ұлты , 6 – сынып «Көрермен көзайымы» аталымы, 7 –  сынып «Ұлттық дәстүрді насихаттаушы», 8 – сынып «Ынтымағы жарасқан» аталымы, 9 – сынып «Өнерлі топ» аталымына ие болды. Фестиваль соңында барлық сынып «Қара жорға» биіне флешмоб биледі.

Ана тілі ана сүтіндей өте қасиетті. Қазіргі жастардың бір қатары ана тілін білмейді, құрметтемейді. Біз қазақ тілінің мәртебесін көтеруіміз керек, басқа ұлттарға үлгі көрсетуіміз керек. Тілсіз білім жоқ, ал білім - өмірдің шырағы.

Просмотров: 1132 | Добавил: taipakokushy | Рейтинг: 5.0/1
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]