2019 жылдың 2 наурыз күні оқушылардың спорттық шеберлігін арттыру,салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында «Біздің денсаулығымыз-өз қолымызда»атты спорттық іс-шара өткізілді

Шараға 5-6-7-8-9-10-11 сынып аралығында және ұстаздар арасында эстафеталық сайыстар оздырылды.Мектеп оқушылары және ұстаздар Жастар стадионына шығып,сыныптарға бөлініп биатлон,футбол,волейбол,эстафеталық ойындар және арқан тартыс ойындарын ойнады.

... Әрі қарай оқу»

Қаралды: 453 | Жүктеген: taipakokushy | Уақыты: 26.03.2019 | Пікірлер (0)

31 қаңтарда мектебімізде «Шынықсаң шымыр боларсың» эстафеталық сайысы оздырылды. Ұйымдастыған дене шынықтыру пәні мұғалімі Мәдениетов Нұрсұлтан.

Қаралды: 398 | Жүктеген: taipakokushy | Уақыты: 26.03.2019 | Пікірлер (0)

"Тайпақ мектеп - гимназиясы" КММ - де қазанның 5 - і күні оқушылар Ұстаздар күніне орай мерекелік кеш ұйымдастырды. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Р.С.Иманкулова және тәлімгер А.М.Рамазанованың басшылығымен өткен кеш сапалы да тартымды іске асты.

 

Қаралды: 396 | Жүктеген: taipakokushy | Уақыты: 08.10.2018 | Пікірлер (0)

 

29 қараша күні  роботты құрастыру және бағдарламалау бағытында дарынды оқушыларды анықтау және қолдау көрсету мақсатында 9-16 жас аралығындағы мектеп оқушыларының арасында аудандық «My robot» байқауы өткізілді. Байқауға 15 мектептен 28 команда қатысты.

... Әрі қарай оқу»

Қаралды: 694 | Жүктеген: taipakokushy | Уақыты: 05.12.2017 | Пікірлер (0)

Отбасы - бұл шағын мемлекет . Мен Рахымберлиевтер әулетінде дүниеге келдім. Үлкен атам Рахымберлиев Қабдолкәрім тыл ардагері , Есенсай савхозында көп жылдар бойы мал ұстап жылқы баққан . Лиза әжемізбен бірге 10 бала: 4 ұл, 6 қыз тәрбиелеп өсірді.Олар бүгінде бір-бір мамандық иесі атанып отыр . Лиза әжемнің ұлты неміс. Обылысымыздың орталығы Орал қаласында тұрады. Әр кез қалаға барғанымызда ең алдымен  әжемізге барамыз. Әжемнің ұлты бөлек болсада енесінен қалғанг үрдісті үзбей, берекелі шаңырақтың шаттығы мен шуағы болып отыр. Бүгінгі таңда 30 немере мен 27 шөберенің сүйікті әжесі.

Менің атам – Рахымберлиев Серік Қабдолкәрім атам мен Лиза әжемнің тұла бойы тұңғыштары .Серік атам мен Кәкима әжем 1971 жылы шаңырақ көтеріп, 4 ұл, 2қыздан 10 немере 4 жиен сүйіп отыр . Туған ауылымыз Тайпақтан табан аудармастан ұзақ жыл қызмет еткен.  Бүгінгі күні еңбектерінің зейнетін көріп арман тілектері орындалып, ел- жұртына сыйлы болған азаматтар.

Мереке немесе туған ... Әрі қарай оқу»

Қаралды: 849 | Жүктеген: taipakokushy | Уақыты: 24.10.2016 | Пікірлер (0)

Аудандық мәдениет, тілдері дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің ағымдағы 2016 жылдың 25 тамыз айындағы шығыс № 01-24/1375 санды хатын басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасының премьер-министрі К.Мәсімовтың тапсырмасы бойынша, 2016 жылдың 4 қыркүйек күні сағат 1000 де Батыс Қазақстан облысының барлық елді-мекендерінде ҚР Тәуелсіздігінің 25 – жылдығына арналған ұзақтығы 3 шақырымдық марафон Тайпақ ауылдық округінде 4 қыркүйек орталық аланда өткізілді.

Аталған шараны бастау барысында ауылдағы Спорт мектебінің басшысы Ізімов Қ, Тайпақ колледжі директоры Кашимов М, Спорт мектебінің жаттықтырушысы Искендіров Ж ағаларымыз хабарландырулар жасады. Ал марафон ережесін Қ.Байсықов атындағы мектептің дене шынықтыру пәні мұғалімі Искендіров Б түсіндіріп өтті. Осы шараға «Тайпақ мектеп - гимназиясы» КММ-нің қызметкерлері мен жоғарғы сынып оқушылары белсене қатынасты. Сайыс нәтижесінде 9 – сынып оқушысы Қайырғалиева Алтын 3 орынға ие болып, м ... Әрі қарай оқу»

Қаралды: 616 | Жүктеген: taipakokushy | Уақыты: 05.10.2016 | Пікірлер (0)

Аудандық білім бөлімінің №2-32/539 28 наурыздағы шығыс хатына сәйкес «Білім туралы» Заңың 5  бап 14-1 т.т., 47 бап 15-1 т., 49 бап 2 т. 6,7 тт. Талаптарын орындау және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы №26 «Орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды бекіту туралы» бұйрығына сәйкес Тайпақ мектеп – гимназиясында ата-аналар жиналысы өткізілді. Жиналыста ата-аналарға алдын – ала оқушылардың ұсыныстары бойынша таңдалып алынған мектеп формасы (Қыз балдарға: ақ жейде, қою көк түсті юбка мен жакет, ұл балдарға: ақ жейде, қою көк түсті жакет пен шалбар, қою көк түсті галстук) таныстырылып, келісетіндіктерін растау үшін қолдары қойылды. 

Қаралды: 970 | Жүктеген: taipakokushy | Уақыты: 20.04.2016 | Пікірлер (0)

Мақсаты: Оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру. Ата заңымызға деген сүйіспеншілік сезім қалыптастыру,шыншыл да әділетті және парасатты тұлғаны қалыптастырып,шыншыл да әділетті және парасатты тұлғаны қалыптастыру.

Қатысқандар:

9-11 сынып ер балдары

Сынып жетекшілер

КТІЖ инспектор Ержигитова Б.К.

 2015 -2016 оқу жылы 27 қараша күні « ... Әрі қарай оқу»

Қаралды: 872 | Жүктеген: taipakokushy | Уақыты: 20.01.2016 | Пікірлер (0)

2015 жылы 18-23 қараша аралығында аудандық «Әдістемелік идеялар фестивалі» байқауында «Тайпақ мектеп - гимназиясы» КММ-нің директордың тәрбие ісінің меңгерушісі Лукпанова Самал Ерланқызы ІІІ орынды иеленді.

Қаралды: 790 | Жүктеген: taipakokushy | Уақыты: 20.01.2016 | Пікірлер (0)

«Деніңнің саулығы – басыңның байлығы»

Мақсаты:
1. Денсаулықтың адам өмір сүруі үшін аса қажеттілігін, оны сақтай білудің адам өміріндегі маңызы, микробтардың ағза қауіптілігін, кір қолдың қандай ауруларға ұшыратынын, жұқпалы аурулардан сақтану жолдарын түсіндіру.
2. Оқушыларды білімділікке, салауаттылыққа өмір сүруге баулу. Оқушылардың өз ойларын айта білуі, өздері ой - түйін жасай білу дағдыларын дамыту.
3. Денесін шыңдауда шымыр да шапсаң ұқыпты да жинақы, ортаны таза ұстап аялауға, өз денсаулығын күте білуге, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

2015-2016 оқу жылы 29 қараша «Тайпақ мектеп - гимназиясы» КММ-сі мультимедия кабинетінде ТІМ Лұқпанова С., психолог Дюсенгалиева Г., әлеуметтік падагог Апырова А., Медаға Кабиев Б.  Ұйымдастыруымен 8-10 сынып оқушыларына Тайпақ ауруханасының психологы Рамазанова ... Әрі қарай оқу»

Қаралды: 804 | Жүктеген: taipakokushy | Уақыты: 02.11.2015 | Пікірлер (0)

« 1 2 3 4 5 6 7 »