09:56 Құқықтық тәртіп пен құқықтық мәдениеттілікті қалыптастыру | |
Мақсаты: Оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру. Ата заңымызға деген сүйіспеншілік сезім қалыптастыру,шыншыл да әділетті және парасатты тұлғаны қалыптастырып,шыншыл да әділетті және парасатты тұлғаны қалыптастыру. Қатысқандар: 9-11 сынып ер балдары Сынып жетекшілер КТІЖ инспектор Ержигитова Б.К. 2015 -2016 оқу жылы 27 қараша күні «Тайпақ мектеп - гимназиясы» КММ – де «Құқықтық тәртіп пен құқықтық мәдениеттілікті қалыптастыру» тақырыбында шара өткізілді. Шара барысында гимназия психологы Г.Дюсенгалиева «Кетпейтін дақ», «Теріс ағым шырмауы» тренингтерін өткізді. Осыдан кейін «Құқықтық сауаттылық – заман талабы» тақырыбында заң төңірегінде түсінік жұмыстары мен сауалнамалар қойылды. «Зиянды заттардың алдын алу», «Күйзелісті анықтау», «Жасөспірімдер сауалнамасы» жүргізіліп, қорытындылары шығарылды. «Тығырықтан шығар жол қайсы» ситуациялық жағдай бойынша оқушылар ролдік ойындарды ойнау арқылы қазіргі кездегі жасөспірімдер арасындағы проблема талқыланды. Сынып жетекшілер, ұстаздар, оқушылар пікірлері білдіріліп, сөз КТІЖ инспектор Б. Ержигитоваға берілді. Инспектор құқықтық нормаларға сай оқушылардың тәртібі мен құқықтары тарапынан түсінік жұмыстарын жүргізіп, статистика бойынша ақпарат берді. Оқушыларды, ата-аналарды құқықбұзушылықтың алдын алуда бірлесіп жұмыстануға шақырды. Оқушылар көкейде жүрген сауалдарын қойып, заң, ІІБ, ТЖМ жайындағы мамандықтар бойынша сауалдарын қойып, тұшымды жауаптар алды. Шараны қорытындылау мақсатында «Даналық ағашы» рефлексиясы жасалды. Оқушылар сары жапыраққа жағымсыз қасиеттерін жазып, жасыл парақшаға жақсы қасиеттерін жазу арқылы оқушыларды жақсы қасиеттерге бай болуға шақырды.
| |
|
Всего комментариев: 0 | |