13:47 «Деніңнің саулығы – басыңның байлығы» | |
«Деніңнің саулығы – басыңның байлығы» Мақсаты: 2015-2016 оқу жылы 29 қараша «Тайпақ мектеп - гимназиясы» КММ-сі мультимедия кабинетінде ТІМ Лұқпанова С., психолог Дюсенгалиева Г., әлеуметтік падагог Апырова А., Медаға Кабиев Б. Ұйымдастыруымен 8-10 сынып оқушыларына Тайпақ ауруханасының психологы Рамазанова Ж. және әлеуметтік қызметкер Есенамановна Ә. «Деніңнің саулығы – басыңның байлығы» атты денсаулық сабағын өткізді. Алдымен психологтардың ұйымдастыруымен «Саябаққа» саяхат көңіл күйді көтеру, өзін еркін сезінуге арналған тыныштық сәті ұйымдастырылды. Осыдан кейін «Тұмау», «Қызылша», «Тиімді тамақтану пирамидасы» презентациялары көрсетіліп, түсінік жұмыстары, сұрақ – жауап жүргізілді. Адам баласына салауатты өмір салтын ұстану үшін – күн сәулесі, таза ауа және таза су қажет екені айтылды. Сабақ соңында «Ашығын айтсам...», «Күлкі сыйлығы» рефлексиялары жүргізіліп, оқушылар жауап берді. Оқушылар тарапынан осындай кездесулер жиі өткізілсе, қыздар мен ұлдарға бөлек ұйымдастырылса деген ұсыныстар айтылды. Болашақта да Тайпақ мектеп – гимназиясы мен Тайпақ ауруханасы арасындағы байланыс жалғас бермек.
| |
|
Всего комментариев: 0 | |