Ежелден еркіндікті аңсаған біздің бабаларымыздың ең асыл мұраты еңселі ел болу еді. Сол арманға қол жеткізіп, елдің әлеуметтік, саяси – экономикалық дамудағы табыстары Елбасымыз Н.Назарбаевтың есімімен байланысты. Елбасы ел басқаруда бірден-бір дұрыс стратегиялық бағытты таңдап ала білді. Ол нендей іс атқарсада уақыт тынысын тап басып, салиқалы саясат ұстанып келеді. Тәуелсіздігімізді жария еткен алғашқы сәттен бастап бүгінгі күнге дейінгі көрген жақсылығымыз, дербес Қазақстан мемлекетінің қуаттануы мен абаттануы ең алдымен елбасының еңбегі мен көрегендігінің арқасы.
1991 жылы желтоқсанның 1-і күні Республика жұртшылығы тұңғыш рет Нұрсылтан Әбішұлы Назарбаевты Республикамыздың Президенті етіп сайлады. Ел Парламенті қабылдаған заңға сәйкес, 1 – желтоқсан Президент күні – Мемлекеттік мереке ретінде белгіленді.
...
Әрі қарай оқу»