10:12 Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні | |
Ежелден еркіндікті аңсаған біздің бабаларымыздың ең асыл мұраты еңселі ел болу еді. Сол арманға қол жеткізіп, елдің әлеуметтік, саяси – экономикалық дамудағы табыстары Елбасымыз Н.Назарбаевтың есімімен байланысты. Елбасы ел басқаруда бірден-бір дұрыс стратегиялық бағытты таңдап ала білді. Ол нендей іс атқарсада уақыт тынысын тап басып, салиқалы саясат ұстанып келеді. Тәуелсіздігімізді жария еткен алғашқы сәттен бастап бүгінгі күнге дейінгі көрген жақсылығымыз, дербес Қазақстан мемлекетінің қуаттануы мен абаттануы ең алдымен елбасының еңбегі мен көрегендігінің арқасы. 1991 жылы желтоқсанның 1-і күні Республика жұртшылығы тұңғыш рет Нұрсылтан Әбішұлы Назарбаевты Республикамыздың Президенті етіп сайлады. Ел Парламенті қабылдаған заңға сәйкес, 1 – желтоқсан Президент күні – Мемлекеттік мереке ретінде белгіленді. Тайпақ мектеп - гимназиясында осы мерекеге орай 25 қараша кітапханада «Елбасы жолдауы, елдің арқауы» («Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» жолдауды талдау Бакитова Г.), 10 сыныпта «Елін сүйген - Елбасы» конференция сабағы (Жумагалиева Д.), 6 сыныпта «Елбасы – ел тірегі» әдеби монтаж (Ескабулова Р.), 8 сыныпта «Елбасы – ел данасы, ел баласы» ашық тәрбие сағаты (Джумагулова Б.К.), 9,7- сыныптарда «Елбасы жолы ертеңге өнеге» конференция сабағы (Батырова Г., Дюсенгалиева Г.) тақырыптарында 5-11 сыныптарда тәрбие сағаттары өткізілді.
Өткізілген шаралардың мақсаты жас ұрпаққа Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың сан қырлы талант иесі, құдіретті тұлға екенін бойларына дарыту, елімізге еңсе тіктетіп, мемлекетімізді мығымдап берген, халқымызды әлемге танытып, алаш баласының абыройын асқақтатып Елбасының кісілік келбетін меңгерту,елін сүйген,елі сүйген Елбасы нан үлгі алуға тәрбиелеу. Шаралар барысында оқушылар Елбасының балалық шағы, жасөспірім шағы, кемел кезеңдері, отбасы туралы мағлұматтармен ой бөлісіп, бейнефильмдері көрсетілді.
Сонымен қатар біздің Елбасымыз бірнеше әндердің сөзін жазған. «Бәйтерек» тобы орындайтын «Сары арқа әні», Музарт тобы орындайтын «Үш қоңыр» әні, Бекболат Тілеухан орындаған «Елім менің» әнін оқушылармен бірлесе шырқады. Шара соңында жұмсақ жүрекшені қолдарына алып, Елбасымызға шын жүректен лебіздерін білдірді. Нұрсұлтан Назарбаевтың «Біз тәуелсіздікке аңсап, зарығып, жеттік. Енді сол тәуелсіздіктің қасиетті белгілерін де, ерекше қадірлеуіміз, қастерлеуіміз керек» - деген сөзін әрбір азамат жүрегінің терең түкпіріне сақтап, қашанда жадында ұстау керек. Бұл баршамыздың туған ел алдындағы перзенттік борышымыз.
| |
|
Всего комментариев: 0 | |