16:44
«Ұлытау төріндегі ұлағат»

30 - қазан 7-9 сынып оқушылары мен география пәні мұғалімі Іңкәр Әлекешқызының ұйымдастыруымен Елбасының Ұлытау төріндегі ұлағатты сұхбаты қазақ қоғамында серпіліс туғызды. Қазақтың арғы-бергі тарихы, тілі, мәдениеті, экономикасы мен болашағы жайында айтқан келелі пікірлеріне еліміздің әр тарапындағы зиялы қауым өкілдері үн қосып, өз пікірлерін білдіруде. Ұлытаудағы сұхбатта айтылған тұжырымдарды оқып үйренуге арналған «Ұлытау төріндегі ұлағат» тақырыбындағы конференция сабағы ұйымдастырылды. 2014 жылдың тамыз айының соңында бар қазақтың ұлағатты Ұлытауына Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев ат ізін тіреп, сондағы ақ қайындар арасында сарқылмай ағып жатқан Әулие бұлақтың басында отырып, өзі негізін салған егемен елімізге арнаған ғасырлық мәні бар қанатты сөзі – дана, дара. Ұлытауды мыңдаған жылдарға асқақтатты.

                         

Конференцияның баяндамалар тақырыбы:

  1. «Ұлытау  - ұлт ұясы» әдеби монтаж 7-сынып.
  2. Ұлытаудың географиялық орны пайдалы қазбалары – Мақсотова Д.
  3. Ұлытау тарихы. Ұлытаудеп неге аталған? –                  Гинуллин Қ.
  4. Қазақ елінің ата тарихы –                                    Бақтығали Бақдаулет
  5. Дін тарихы. Ислам дінінің казіргі қоғамдағы орны. – Садыков Е.
  6. Қазақ тілінің мәртебесі. Тіл – татулық тірегі – Болатова А.
  7. Н.Айтұлы поэмасы «Мәңгілік ел мұраттары» - 8-сынып.
  8. Отанды сүю – ортақ парызымыз  - Кенжебаев Е.

  

Конференция сабағын Іңкәр Әлекешқызы алғашқы сөзімен ашып, кезекті баяндамашыларға берді. «Ұлытау – ұлт ұясы» тақырыбында презентация көрсетіліп, 7 сынып оқушылары Ұлытау тарихы жөнінде өлең жолдарын оқыса, 8 сынып «Мәңгілік Ел» поэмасын жатқа айтты және де «Ақсақ құлан» күйі орындалды. Конференция соңында оқушылар «Тәуелсіз Қазақстан» әнін хормен айтып, патриоттық сезімдерін тағы да бір асқақтатты.

Просмотров: 755 | Добавил: taipakokushy | Рейтинг: 5.0/1
Всего комментариев: 1
1 Еркебулан   (30.10.2014 19:16) [Ақпарат]
Үйлесімді жасалған жұмыс

Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]