06:30 «Ерлік пен Жеңіс - майдангерлер еңбегі» | |
Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің еңбегі қашан да өлшеусіз. Оларды бейбіт күнде қалай құрметтесе де жарасады. Жеңіс сағатын жақындатуға сіңірген еңбектері мен ел тәуелсіздігіне қосқан үлестері баршаға үлгі, ұрпаққа өнеге. Бұл үшін қазақстандықтар ардагерлерді айрықша қастерлейді, қамқорлаудан аянбайды, басты мақсат – Ұлы Жеңістің 70 жылдығын кең көлемде мерекелеу» - деген болатын. Осы орайда, Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналған «Ел мен ердің жеңісі» атты Тайпақ ауылдық округі мекемелері арасында 7 ақпан – 2 мамыр аралығында фестиваль өткізу жоспарланған болатын. Жоспарға сай 14 ақпан Тайпақ мектеп – гимназиясының ұжымы «Ерлік пен Жеңіс - майдангерлер еңбегі» атты мерекелік концертін ардагерлер мен ауыл тұрғындарына тарту етті. Концертті «Көгершіндер», «Бейбіт күн тілегі», «Қазақтың елі» әндерін хор орындауымен ашып, «Кестелі орамал» театрландырылған көрінісі қойылып (ата – С.Кереев, әже – Қ.Абдрашитова, ұлы – Қ.Оспан, келіні – Г.Бакитова, балалары – М.Серік, А. Сагинов, солдаттар – Қ.Доскалиев, Р.Жарылғасов, О.Сүйінішқалиев, Ж.Қаутов, Е.Умирзаков, А.Бекболов), «Кестелі орамал» - І.Мурсалимова, Н.Жумагалиев, «Темная ночь» - Р. Жарылғасов, «Огонек, Смуглянка, Катюша» әндерінен попури – А.Қуаншалиева, Ғ.Альсейтова, Б.Джумагулова, «Шығыстың қос шынары» А.Махамбетова, «Синий платочек» - Б.Джумагулова, «Қазақстан бақыты» - Р.Ескабулова, «Жеңіс күні» - Ғ.Альсейтова орындауларында әндері шырқалды. «Журавли», «Смуглянка», «Ұлттар биі» (С.Лұқпанова, Э.Аманғалиева, Г.Батырова, Г.Дюсенгалиева, Г.Таменова, А.Төлеуғалиева, Д.Мақсот) билері биленіп, көрермендер ықыласына бөленді. Бүгінгі тамаша Ұлы Жеңістің 70 жылдық мерекесіне жеткізген, ер жігіт етегімен су кешіп, сүр шинелді төсек етіп, ақ қар, көк мұз жастанып, жаумен шайқасқан асыл әкелер мен әз ағаларымыздың, абзал азаматтарымыз бен есіл ерлеріміздің батырлығына тағзым етіп, Тайпақ мектеп – гимназиясының оқушылары Н.Мәдениет, Н.Саргелек, Д.Жұмабеков өз туындылары арқылы үлкен алғыстарын білдірді. 1418 күнге созылған зұлмат соғыста «Елім, Жерім» деп қан төккен ержүрек батырларымызды ешкімде ешқашан ұмытпайды, оларды асқақтатып құрметтеу біздің парызымыз. | |
|
Всего комментариев: 0 | |