15:22 Алтын шашты – ару күз | |
Мектебіміздің 2-қабатында мерекеге арнайы сахна құрылып, безендірілді. Шараға 9-10 сынып оқушыларынан 1 ұл, 1 қыз баладан шықты. Байқаудың шарттары: 1. Таныстыру 2. Фотоколлаж 3. Күз сыйы 4. Пародия 5. Сән үлгісі 6.Күзгі вальс. Табиғаттың ерекше құбылып, айналамыз cары түске боялатын, қамбамыз астыққа толатын, бәріміз асыға күтетін, сағындырған сырмен көңілге қуаныш, асқарлы үміт сыйлайтын, баршамызға шашылған сары нұрымен шуақ болып тарайтын берекелі мезгіл күз айы.
Оқушылар жақсы дайындалған, барлық шарттар бойынша бар өнерлерін көрсетті. Сайыс соңында «Үздік өнер», «Сегіз қырлы, бір сырлы», «Жарысымды жұп» және «Күз ханшайымы мен күз ханзадасы» аталымдары бойынша сыныптар марапатталды. 14 қазан 5-7 сынып оқушыларынан құрылған жайдарман командалары алтын күз мерекесін тойлап өтті. Байқаудың шарттары: 1. Сәлемдесу 2. Ширату(5 жаңалық) 3. Үй тапсырмасы 6. Пародия 7. Күз сыйы. 5-сынып «Сыныптастар», 6-сынып «Есте қалар», 7-сынып «Нағыз қазақтар» командалары өнер көрсетті. Сахна мәдениетін, өнерді саралайтын әділқазы алқалары 5 балдық бағамен бағалап отырды. Командалар жоғары деңгейде дайындалып, күзгі жеміс-жидектерден күз көрінісін дайындаған. Сайыс соңында «Үздік сәлемдесу», «Үзік ширату», «Үздік үй тапсырмасы» аталымдары бойынша командалар марапатталды. 16 қазан ауылымыздың мәдениет үйінде «Алтын күз» байқауы өткізілді. Мақсаты: Жасөспірімдерді табиғатты аялауға, қоршаған ортаны, Отанын сүюге, әсемдікті көре білуге, сезінуге тәрбиелеу. Байқауға Тайпақ колледжі, Қ.Байсықов ат ЖОББМ, Краснояр ЖОББМ және Тайпақ мектеп-гимназиясы қатынасты. Байқаудың шарттары: 1. Таныстыру 2. Өнер көрсету 3. Сұр мерген 4. Көңілді аспазшы 5. Суреттер сыры 6. Ұлттық би 7. Сән үлгісі 8. Пародия Біздің мектептен 9 сынып оқушылары Мақсот Диана мен Қуатов Жасұлан қатынасты. Олар өздерін әнмен таныстырып, ковбой биін билеп өнер көрсетіп, ұлттық биге грузин биін билесе, пародияға «Коко джамбо» әніне би билеп, әнін шырқады. Әрбір өнер көрсетулерінде мектеп оқушылары қолдап, біздің өнерпаздар жоғары деңгейде өз өнерлерін көрсетіп шықты. Байқау қорытындысы бойынша «Бас жүлдені» иеленді.
| |
|
Всего комментариев: 1 | |
|