16:08
Жарқын болашақ иесі - бүгінгі жас маман

Бүгін әдістемелік кеңес жоспарына сәйкес жас мамандарға арналған "Жарқын болашақ иесі-бүгінгі жас маман" атты әдістемелік семинар өткізілді. Семинардың алғы сөзін директордың бейінді істер жөнінде орынбасары Еркебұлан Саматұлы бастады. Жас мамандар жетекшісі Айдана Бірлесқызы семинардың барысымен таныстырып, көңілді тимбилдинг жаттығуымен сергітіп алды. Ой қозғау мақсатында "мұғалім болу.." сөйлемін аяқтау,"мұғалім кім?""мұғалім қандай болу керек?"сұрақтарына жауап алынды. Кейін жұмыс барысында қолданылатын нормативтік базалық құжаттарға тоқталып, мұғалімің портфолиосы мен шығармашылық папкасына қандай құжаттар болу керектігін нақтылап көрсетіп шықты. Семинар соңында жас мамандармен "гугл" формасы арқылы кері байланыс орнатылды. Жас мамандар өз пікірлері мен ұсыныстарын жеткізді.

Просмотров: 224 | Добавил: taipakokushy | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]