07:38
Жаңа мектепке – жаңашыл ұстаз

 24-28 қаңтар аралығында «Тайпақ мектеп - гимназиясы» КММ – де «Жаңа мектепке – жаңашыл ұстаз» атты жас педагогтардың сайысы өткізілді. Сайысқа мектебіміздің 5 жас маманы қатынасты. Мәдениетов Н.М. дене шынықтыру пәні мұғалімі, Кәрімов С.Н. география пәні мұғалімі, Сатқанова Ш.М. тарих пәні мұғалімі, Рамазанова А.М. биология пәні мұғалімі, Бірлесова А.Б. өзін – өзі тану пәні мұғалімі. Жұмыстарын тексеру мақсатында 7 ұстаздан тұратын комиссия құрылды. Иманкулова Р.С., химия пәні мұғалімі, тәлімгер ұстаз; Амангалиева Э.С. «Жас мамандар»  мектебінің жетекшісі, математика пәнінің І санатты мұғалімі; Оспан Қ.Т. тәлімгер ұстаз, тарих пәнінің І санатты мұғалімі; Джумагулова Б.К. тәлімгер ұстаз, ағылшын тілі пәнінің І санатты мұғалімі; Хабибуллина А.С. физика пәнінің жоғары санатты мұғалімі; Тулешбаева Б.Е. қазақ тілі пәні мұғалімі; Умирзаков Е.С. директордың бейінді оқыту жөніндегі орынбасары. Сайыс үш бөлімнен тұрады. І кезеңде «Жаңа мектепке – жаңашыл ұстаз» атты эссе жазу, ІІ кезеңде «Шығармашылық жолдың бастамасы» тақырыбында өзін – өзі таныстыру, ІІІ кезеңде жас мамандар ашық сабақ берді. Мамандар таныстыру бөліміне АКТ – ны қолдануға белсенділікпен қараған. Презентация, бейнеролик арқылы көрсетіп, таныстыру жұмысын тиісті деңгейде атқарды. Эссе жазуда мамандар  тақырыпқа сай, маңызын зор келтіріп жазған. Ұлы адамдардың сөздерімен бастап, сапалы қорытындылап жазған. Соңғы бөлімде ашық сабақ берген жас мамандардың белсенділіктері, кәсіби өсулері, шараға деген дайындықтары айқын көрінді. Өзін – өзі тану пәнінен «Отбасы құндылықтары» тақырыбындағы А.Б.Бірлесованың өткізген сабағы өте тартымды өтті. Топтастыру, постер қорғау, бейнеролик тындау кезеңдері үйлесімді жоспарланған. Бірінші жыл жұмыс жасап жатырған география пәні мұғалімі С.Н.Кәрімовтың  «Демографиялық көрсеткіштерді есептеу» тақырыбындағы 7 – сыныпқа берген ашық сабағы тиісті деңгейде өтті. Әр тапсырманың алдында бейне сұрақ көрсетілді. Оқушылар жұппен жұмыстанды. Кері байланыс іске асырылды. А.М Рамазанова 8 – сыныпқа биология пәні бойынша «Жүйке жүйесінің типтерін салыстыру» тақырыбында сабақ берді. Сабақ барысында «Бір қадам артқа» сұрақ – жауап арқылы  өткен тақырыпты еске түсірді. "Кім тапқыр" әдісі арқылы карточкамен жұмыс көрсетті. Оқушыларға қалыптастырушы бағалау тапсырмалары үлестірілді. Ш.М.Сатқанованың «Ақ Орда» тақырыбындағы берген ашық сабағы тәлімгерімен жүйелі жұмысты анық көрсетті. Сабақтың мақсаттары айқын құрылған, пәнаралық байланысты тиімді көрсеткен. Мәтінмен жұмыс, топпен жұмыс, тарихи диктант, термометр әдістері тамаша ұйымдастырылды. Дене шынықтыру пәні мұғалімі Мәдениетов Н.М. мектеп ауласында 5-7 сыныптар оқушыларына «Шынықсан шымыр боласын» тақырыбында спорттық іс-шара ұйымдастырды. Таза ауада ұйымдастырлған шара комиссия және оқушылар тарапынан жоғары бағаға ие болды. Жас мамандарға арналған сайысты қорытындылай келе Мәдениетов Н.М. «Үздік таныстырылым», Рамазанова А.М. «Ізденімпаз маман», Кәрімов С.Н. «Жаңашыл», А.Б.Бірлесова «Үздік ашық сабақ» аталымына ие болды. Тарих пәні мұғалімі Сатқанова Ш.М. «Жаңа мектепке – жаңашыл ұстаз» атты жас педагогтардың ІІІ Республикалық байқауының аудандық кезеңіне жолдама алды.

 

 

 

 

 

Просмотров: 479 | Добавил: taipakokushy | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]