09:24 Ынтымақ, бірлік, келісім – ең басты байлық ел үшін | |
2015 жылы Елбасының ұсынысы бойынша «Қазақстан халықтары ассамблеясы жылы» деп жарияланды. Жиырма жылдық тарихында Ассамблея қарқынды дамып, елеулі өзгерістерді бастан кешірді. Ұлттар мен ұлыстардың қарым – қатынастары нығайып, әр ұлттың бір-бірінің салт – дәстүріне, әдет-ғұрпына, тіліне деген құрметтері арта түсті. 2015 жылдың 30 қыркүйегінде Тайпақ мектеп - гимназиясында Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдық мерекесі және «Тілдер күні» мерекесіне арналған ұлттар фестивалі ұйымдастырылды. Фестивалде 5 сынып – қазақ, 6 сынып – өзбек, 7 сынып – украйн, 8 сынып – үнді, 9 сынып – кавбой, 10 сынып – түрік, 11 сынып – сыған ұлттардың тарихын, мәдениетін өз тілдерінде таныстырып, шағын көріністер көрсетіп, әнін шырқап би билеп мерекелік концертті жандандырды. Фестивальға барлық 5-11 сыныптардың оқушылары түгелдей қатыстырылды.. Біздің мақсатымыз – балаларға шынайы шаттық пен күлкі сыйлау болатын. Сонымен қатар, өз жерін, өз елін, достары мен жақындарын жақсы көруге баулу, мейірімділікке шақыру. Бұл игі істің жүзеге асқанын көңілді көрермендерге қарап байқауға болады. Ынтымақтың шертсем деймін бір жырын. Татулығын жырға қосам ұлттардың, мақтан қылып ұлыстардың бірлігін. Тілі бөлек болғанымен тілек бір, Ұлы достық мәпелеген жүрек гүл. Қазақстан бар ұлысқа шаңырақ, Шайқалмастан шаттығымыз тіреп тұр». Ұлтаралық татулық арқасында бүгінде ел тыныш, жұрт аман болғай. | |
|
Всего комментариев: 0 | |