09:35 Менің отбасым – менің байлығым | |
1-7 қыркүйек аралығында өткізілген «Менің отбасым – менің байлығым» атты «Денсаулық сабағы» аясында, қыркүйектің 3 – 5 күндері аралығында «Шымыр бала - отбасы тірегі» атты 5 - 11 сыныптарға мини футболдан жарыс өткізілді. Футбол 3 күн бойы 5-6 сынып, 7-8 сынып, 9,10,11 сынып жас ерекшеліктері бойынша іріктеліп өткізілді. Деңгейлері бойынша 6 , 8, 11 сынып оқушылары жеңімпаз деп танылды. 4 ші қыркүйек күні жеңіл атлетикадан спорттық марафон өткізілді. Сайыс барысында өткізілген 1000 км қашықтыққа жүгіруден 5-6 сынып қыздары арасынан І орын 6 сынып оқушысы Құрымбаева Альбина , ІІ орын Серік Мерей, ІІІ орын Тресова Ботагөз иеленсе, 1 орынды 5 сынып қыздары арасынан Жангазиева Аяулым алды. 5 - 6 сынып ұлдары арасында өткізілген 1000м қашықтыққа жүгіруден І орын Абылгалиев Ерген, ІІ орын Сагинов Арсен, ІІІ орын Ғалым Бейбарыс иеленді. 1000 км қашықтыққа жүгіруден 7 - 8 сынып қыздары арасынан І орын 8 сынып оқушысы Қайырғалиева Алтын, ІІ орын Маратова Ақтілек, ІІІ орын 8 сынып Айдын Айдана алды. 7 - 8 сынып ұлдары арасында өткізілген 1000 м қашықтыққа жүгіруден І орын 8 сынып Мерекеұлы Қанабек , ІІ орын 7 сынып Ғабиденов Дархан, ІІІ орын Халел Жангелді иеленді. 1000 км қашықтыққа жүгіруден 9,10,11 сынып қыздары арасынан І орын 9 сынып оқушысы Келдібаева Асылзад , ІІ орын 11 сынып оқушысы Төлеуғалиева Ақтоты, ІІІ орын 9 сынып Байтимова Әселхан алды. 9,10,11 сынып ұлдары арасында өткізілген 1000 м қашықтыққа жүгіруден І орын 11сынып Мәдениет Нұрсейіт , ІІ орын 11 сынып Қазбеков Қайырбек, ІІІ орын 10 сынып оқушысы Тасқалиев Арман иеленді. 60 метр қашықтыққа жүгіруден үздік нәтиже көрсеткен оқушылар Сагинов Арсен 9,5 сек; Ғабиденов Дархан 9,5 сек; Рашев Ғани 8,6сек; қыздар арасынан 6 сынып Тұрсынова Аянна 9,8 сек көрсетті. 100 метр қашықтыққа жүгіруден 10 сынып Қуатов Жаслан 14,1 сек; Мәдениет Нұрсейіт 14,3 сек; Арқан тартыс ойынының қызықтары: «Дені сау – ұрпақ ұлт болашағы » атты Б.Қабиевпен А.Ж.Апырованың ұйымдастыруымен дөңгелек үстел оздырылды. Кездесуге аурухана, Спорт мектебі қызметкерлері шақырылды. Отырыста ағзамыздың сау, дұрыс қалыптасуы үшін: түрлі жұқпалы аурулардың алдын алу, жеке бас гигиенасынан таза ұстау мақсатында - дәріс оқылып, жаднамалар таратылды. Кездесуге келген мамандарға сұрақтар қойылып, тиісінше жауаптар алынды. Аймағымызда белең алып тұрған бурцеллез ауруының алдын алу мақсатында оқушылар түсінік жұмыстары жүргізілді. Сүтті, етті дұрыс қайнатып тұтыну, бурцеллез белең алған аймақтардан ірімшікті тұтынудан бас тарту, үй жануарларының күтімі кезінде (туғанда шуы арқылы, сауғанда қолда ашық жарақаттар болса) аса ұқыпты болу. | |
|
Всего комментариев: 0 | |