15:06 «Білімді жетер мұратқа» | |
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған «Жаңа онжылдық, жаңа экономикалық өрлеу, Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» жолдауында білімге баса назар аудару мақсаты көзделген. Еліміздің дамыған елдермен терезесі тең елге айналуына басты үлес қосатын бүгінгі бастауыш сыныптың әрбір оқушысы «Жаңа онжылдық-менің білімімдегі жаңа жетістіктер кепілі»,- деп алдарына үлкен мақсат қояды. Осы мақсатқа қол жеткізу үшін болашақ білімді ұрпақты тәрбиелеу мақсатында 13-18 қазан аралығында Тайпақ мектеп-гимназиясында «Білімді жетер мұратқа» тақырыбымен математика – физика апталығы өткізілді. Апта бойы ашық сабақтар, сыныптан тыс шаралар, байқаулар, сайыстар оздырылды. Жоспарға сай 17 қазан информатика және физика пәні мұғалімі Еркебұлан Саматұлының ұйымдастырумен «ХХІ ҒАСЫР КӨШБАСШЫСЫ» сыйысы 8,9 – сынып оқушылары арасында өткізілді. Мақсаты: Ойы жүйрік, танымдық деңгейі жоғары, интеллектуалды оқушылардың дарынын ашу, белсенділігін арттыру, білімдерін көтеру «XXI- ғасыр көшбасшысы» сайысы 5- бөлім бойынша өткізіледі:
9-сыныптан: Қаутов Жасұлан, Ғайса Арайлым, Болатова Айгерім, 8-сыныптан: Келдібаева Асылзада, Жұмабеков Дәуренбек, Садыков Ерген оқу озаттары қатысты. Оқушылар 5 бөлім бойына білімдерін сынып, өздерін жаңа қырынан танытты. Сайыста оза шапқан 9-сынып оқушысы Ғайса Арайлым «Бас жүлдені» иеленді. Қазіргі талап деңгейіне сай мектептерде оқу – тәрбие үрдісі арқылы оқушыларды тек біліммен ғана қаруландырып қоймай, олардың назарын білгендерін жадына сақтауға, қабілетін, ойлауын, тіл шеберлігін, зерделі білім алу құштарлығын ояту, өмірге көзқарасының дұрыс қалыптасуын, ықыласын, төзімділігін, іскерлігін, іздемпаздығын тағы басқа танымдық қасиеттерін жетілдіру – жаңа ғасыр мектебінің мақсаты. | |
|
Всего комментариев: 0 | |