«Тайпақ мектеп-гимназиясы» КММ-де 2019 жылдың 18-ші қаңтарында «Бүгінгі оқушы-ертеңгі студент» атты студенттермен кездесу кеші болып өтті.
Мақсаты: жоғары кәсіптік оқу орындарының студенттерін кездесуге шақыра отырып, оқушыларға мамандық таңдау, оның адам өмірінде алатын орны, маңызы туралы түсініктерін қалыптастыру, әр мамандық иесіне тән қасиеттер мен ерекшеліктерді дамыту, 10-11 сынып оқушыларының жетістікке жету жолдары туралы білімдерін кеңейту, бұрынғы бітіріп кеткен түлектердің жақсы қасиеттерін, озық қабілеттерін кейінгіге үлгі ету, мамандықтардың түрлері, әр түрлі оқу орындары туралы мағлұмат беру.
Студенттермен кездесу кешіне мектебіміздің 2017 және 2018 жылғы түлектері қатысты. Сонымен қатар мектебіміздің ұстаздары мен жас мамандары, 9-11 сынып оқушылары қатысқан болатын. Ең алдымен мектеп директоры Біржан Серікұлы сөз алып, келген студенттерімізге қош келдіңіз айтты. Одан әрі студенттерімізбен мектеп тәлімгері Ақмарал Маратқызы сұхбат жүргізген болатын. Оқушыларымыз да көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, өздерінің сұрақтарына көп жауап ала білді деп ойлаймын. Мектеп психологы Ақтоты Бауыржанқызының треиинг ойыны да ұйымдастырылды. Студентеріміз де, оқушыларымыз да белсене қатыса білді. Кеш соңында студенттер биылғы 2019 жылдың түлектеріне өздерінің лебіздерін білдіріп, алдағы сыннан сүрінбей өтулеріне тілек білдірді. 11-сынып оқушылары да өздерінің алғыстарын білдіріп, студенттерге де табыс тіледі.
|