09:52 Қарты бар ел – қазыналы ел | |
Қарттар – біздің асыл қазынамыз. 1 - қазан Бүкіләлемдік музыка күніне және Қарттар күні. Бас ассамблея 1990 жылы 14 желтоқсанда 1 қазанды халықаралық қарттар күні есептеуге деп қаулы етті. Бұл мереке ХХ ғасырда пайда болды. Басында қарттар күнін Еуропада, кейін Америкада, ал 80 - жылдардың аяғында барлық әлемде атап өтетін болды. Мектебімізде осы мерекеге байланысты 1 – қазан күні шара жоспары құрылып, ауылымыздың соғыс ардагерлері мен тыл еңбек ардагерлерін, ардагер ұстаздар анықталды. «Қарттарым – асыл қазынам», «Бәріміз бірдейміз, кемсітуді білмейміз» тақырыбында 5-11 сыныптарда 30 - қыркүйекте тәрбие сағаттары оздырылды. 1 қазан күні ауылымыздың мәдениет үйінде ауыл өнерпаздарының ұйымдастыруымен концерттік бағдарлама өткізіліп, әкімшілік бекіткен 11 зейнеткер әжелер мен ардагер ұстаздарға мектебімізден жиналған қаражатқа (13000) сыйлықтар алынып, үйлеріне таратылды. Ақ сақалды аталар мен ақ жаулықты әжелерімізді бұдан былайда қадірлеп, қастерлей береміз. Ел басына күн туған, қиын-қыстау күндерде халқына сүйеу, жұртына қамқор болатын қарттарымыз қашан да аман болсын! | |
|
Всего комментариев: 0 | |