07:35
«Қамқорлық» қайырымдылық акциясы

        Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2019 жылғы 10 қаңтардағы №134 хатына, Ақжайық аудандық білім беру бөлімінің 2019жылғы 11қаңтардағы № 5§2 бұйрығына  сәйкес  «Қамқорлық»  қайырымдылық акциясын өткізу және мектеп жасындағы балаларды тегін жалпы орта біліммен  толық қамту мақсатында мектебімізде бұйрық шығарылып, жұмыс тобы құрылды.  Арнайы жұмыс жоспары жасақталды. Жоспарға сай, мектебіміздің оқушыларына жас ерекшелігіне қарай, шаралар ұйымдастырылды. Тайпақ мектеп – гимназиясында оқудан жалтарған немесе оқудан қол үзген балалар жоқ. Күнделікті оқушылардың сабаққа қатысуы қадағаланып, сабаққа келмеген оқушылар үйлеріне әлеуметтік педагог, педагог – психолог, сынып жетекшіден құралған топ үйлерін аралап, жағдайды анықтайды. Себепсіз сабақ жіберетін оқушылар жоқ. Айлық барысында 3 рет кешкі мезгілде түнгі рейдке шығамыз. Рейд жүргізілетін нысандар: кафелер, демалыс орындары, саябақтар, дүкендер, көше бойлары. Рейд барысында анықталған оқушылар жоқ.Мектеп-гимназиясындағы материалдық көмекке мұқтаж, әлеуметтік жағынан қорғалмаған отбасы балалары аяқ киіммен, киім-кешекпен, оқу-құралдарымен қамтамасыз етілді. Демеушілер мен кәсіпкер ата-аналардың қатысуымен әлеуметтік жағынан қорғалмаған отбасы балаларына арналған әлеуметтік-қайырымдылық шаралар ұйымдастырылды. 5-сынып оқушылары қайырымдылық,көмек көрсету тақырыбында суреттер салса, 6-сынып өздерінің отбасына тигізген көмектерін, ата-аналарына қолғабыс жасап жүрген фотоларынан коллаж жасап қойды. Сонымен қатар, мектебіміздің 5-11-сынып оқушылары ата-аналарының көмегімен кейбірі өздері пісірген тәттілерін саттыққа шығарып, 5,6,7-сынып оқулары түскен ақшаны 4360тг мектеп қорына табыстады. «Жас Ұлан »ұйымының мүшелері және тәлімгер Ақмарал Маратқызы, АӘД пәні жетекшісі Нұрберген Серікұлы Ауған соғысының ардагері Искалиев Махамбет ағайдың үйіне барып, көмек көрсетіп, аула қарын ашып, отын кесіп берді.  Мектебіміздің «Қамқоршылық кеңес» төрағасы Гильманов Даурен Кайдарұлы және кеңес мүшелері жиын өткізіп,демеушілер тартып, 23000тг қаржылай жинап, оқу-құралдарын және мектебіміздегі 2оқушыға қысқы аяқ киім(18000тг)  алып берді. Әр салада жүрседе полиция,зейнеткер,мұғалім,медаға,жеке кәсіпкерлер де келіп, ерікті түрде жанашырлық білдірген әр жанға алғысымызды білдіреміз.Сонымен қатар, мектебіміздің ұжымы да, атап айтсақ Е.С.Умирзаков, А.Т.Есказиева, Г.М.Шулаева, Р.Б.Ескабулова  өз көмектерін аямай, ақшалай үлес қосып оқу-құралдарын сыйлады. «Жас мамандар» болып бір отбасыға 5605тг көлемінде азық-түліктер алып, өз қамқоршылығымызды таныттық. Жалпы осы акция барысында 21оқушыға 60265тг көлемінде оқу-құрал,киім-кешек, азық-түліктер алынып, оқушыларға табысталды. Осындай игі бастамалар жалғасын тауып, қайырымды жандар көбейе берсе екен деп тілейміз.

Просмотров: 431 | Добавил: taipakokushy | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]