Практикалық жұмысы. Ақпарат санын есептеуге есептер шығару
25.10.2014, 07:31

Сабақтың тақырыбы:  Практикалық жұмысы. Ақпарат санын есептеуге есептер шығару.

Сабақтың мақсаты : Ақпарат өлшемін есептеуге, компьютерде жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру.

Сабақтың көрнекілігі : интерактивті тақта, көрнекілік құралдар, карточкалар.                 

Пән аралық байланыс: математика. 
Сабақтың түрі: практикалық жұмыстар жүргізу. 
Сабақтың әдісі: сыни тұрғыдан ойлау, ақпараттық технологияны 
информатика пәнін оқытуда қолдану. 
Сабақ барысы: 
Ұйымдастыру кезеңі: оқушыларды түгендеп, оқушы көңіл күйін бағыттау, сабаққа деген ынтасын ояту.    

 І.Қызығушылықты ояту.

1. Төмендегі сөздердің ішінен ақпаратқа қатысы бар сөздерді екінші бағанға теріп жазыңыздар:

 

       
    Блок-схема: документ: Музыка радио интернет байт очки сурет диск флэшка теледидар
  Блок-схема: документ: Музыка радио машина жүгіру зат интернет байт очки сурет қағаз қалам дүние кітап диск флэшка ойын теледидар
 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2. Екінші бағанға жазған сөздеріңіздін көлемін битпен есептеп жазыңыз:

Музыка(48 бит) радио(40) интернет(56) байт(32)  очки(32) сурет(40) диск(32)  флэшка(48)    теледидар(72)

 

ІІ. Мағынаны тану.

 

 

  А деңгейі

  1. WordPad мәтіндік редакторын ашыңдар. Ол үшін Пуск - Все программы-   Стандартные-  WordPad  батырмаларын басыңдар (9-сурет).
  2. «Ақпаратты сақтауға, жеткізуге және өңдеуге болады» мәтінін теріңдер.Үтір қазақша тергенде жоғарғы қатардағы «6» батырмасы арқылы теріледі, ал бас әріптерді теру үшін CapsLock пернесін басу керек. Сөздердің арасын ажырату үшін бос орын пернесін бір рет басыңдар.
  3. Өз ақпараттарыңды сақтап, программаны жабыңдар.

А деңгейі

    Компьютерде сақталған ақпараттың көлемін қарап шығыңдар.

  1. Пуск – Компьютер батырмаларын таңдаңдар
  2. Пайда болған терезедегі дискілердің бірін тышқанның оң батырмасымен шертіп, Свойства батырмасын басыңдар
  3. Дискідегі толған және бос орындардың көлемін қарап шығыңдар
  4. Дәптерге дискідегі бос орынның байтпен, Кбайтпен, Мбайтпен және Гбайтпен өлшенген көлемін жазып алыңдар. Санау үшін калькуляторды қолдануға болады.

 

 

 

В деңгейі

  1. WordPad  мәтіндік редакторын ашыңдар (Пуск - Все программы-   Стандартные-  WordPad) 
  2. Баяғы өткен заманда бір гүл өмір сүріпті. Гүлдің басқа достары болмапты. Бір күні күн бұлттанып, жаңбыр жауа бастайды. Гүл жаңбырдан қаша алмайды. Жаңбыр жауып, басылған соң, күн қайта ашылады. Кейін гүлдің көңілі көтеріліп, қуанады. Ол әр-түрлі қимыл жасап билейді. 
    ертегі үзіндісін теріңдер.
  3. Өз ақпараттарыңды сақтап, программаны жабыңдар.

 

В деңгейі

  1. А деңгейіндегі тапсырманы орындаңдар.

2. Документы бумасын ашыңдар

3. 1 Гбайт көлемді флешкаға қандай файлдардың сиятынын аңықтаңдар.

 

 

С деңгейі

   Әдетте өздерің компьютерде ақпаратпен атқаратын әрекеттеріңді жазындар. Соның ішінен 2 қимылға шағын әңгіме құрындар, компьютерге теріңдер.

 

С деңгейі

Подпись: «Ақпарат» сөзін байтпен есептейді, ал мұндағы 1 байт 8 битке тең.Подпись: «Ақпарат» сөзін байтпен есептейді, ал мұндағы 1 байт 8 битке тең.Сыныптағы барлық балалар туралы ақпараттың сендердің компьютерлеріңнің қай дискісіне сиятының анықтаңдар. Көлемі 373 Кб мөлшерлі суреттер мен 10 беттік (әрқайсысы 64 символдық 48 жолдан тұратын) ақпарат мәтіндік файлда сақталған. Санау үшін Калькулятор қолдануға болады.

 

 

 

 

 

 

 

Ш.Ой толғанысы .

Сөзжұмбақ шешеміз

 

 
 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. Ақпарат өлшем бірлігі
  2. Ақпарат қасиеті
  3. Ерте заманғы ақпарат тасымалдаушы
  4. Ақпараттың көзі және ...
  5. Ақпаратты ең көп мөлшерде қабылдайтын сезім мүше
  6. Ақпаратты жөнелту құралы
  7. Ақпараттың ең кіші өлшемі

 

 

Қорытындылау. Бағалау.
Үйге тапсырма: Тақырыпты қайталау. Шағын сөзжұмбақ құру.

 

 

Категория: Мои файлы | Добавил: taipakokushy
Просмотров: 880 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]