Менің ұжымым
[ Скачать с сервера (929.5 Kb) ]20.12.2021, 08:47

 

Өзін-өзі тану бойынша сабақ жоспары

Бөлім: ІІ тарау

 Ынтымақты отбасы

Педагогтің аты-жөні

 Рамазанова Ақмарал Маратқызы

Күні:

07.12.2021

 Сынып:

Қатысушылардың саны:

Қатыспағандардың саны:

№13сабақтың тақырыбы

 Менің  ұжымым

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту

мақсаттары

Ұжым, азамат, дәстүр, жауапкершілік, батылдық, шешімділік, ар-ұждан, әділеттілік, ұғымдарының мәні мен мазмұнынын ұғады.

Құндылық

Дұрыс әрекет

Қасиеттер:

Шыншылдық, кешірімділік, сыйластық.

Сабақтың мақсаты

Оқушыларға  ұжымдағы  тәртіп пен қарым-қатынастың  маңыздылығын    ұғындыру    арқылы  Дұрыс әрекет  құндылығының мәнін ашу.

 

Сабақтың міндеттері:

  1. Білімділік
  2. Дамытушылық
  3. Тәрбиелік

-Оқушыларға  ұжымда болудың мәнін шыншылдық қасиеті арқылы түсіндіру;

      -Оқушыларды     өзін және басқаларды тыңдай білуге, кешіре білуге үйрету;

     - Оқушыларды сыйластыққа тәрбиелеу.

 

Сабақтың барысы:

Сабақтың кезеңі/ Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ресурстар

Ұйымдастыру кезеңі:

 

 

1.Жағымды көңіл-күй.

(1-3 минут)

  5 «Т» ережесімен таныстыра отырып, Оқушыларға жақсы тілек, жылы сөз айтумен бастайды, яғни балаларға жағымды көңіл-күй сыйлайды.

 Нұрға бөлену.

 

Ережелерді сақтай отырып, жағымды көңіл күйге енеді. Сабырлы болуға үйренеді.

Оқулық.

https://www.youtube.com/watch?v=LCiAfCCwc7A

 

 

 

 

  

2. Алдыңғы үй тапсырмасын тексеру(әңгіме)

3-5 мин

Оқулықтың 63-бетіндегі  Сапарғали Бегалиннің «Қорқақ» атты мәтіні.

Сұрақтар:

1. Офицер неліктен ашуланды?

2. Барлық бала неліктен жазаланды?

3.Шоқан қандай батылдық жасады?

4. Өз   кінәңді басқаларға    арту дұрыс     па? Неліктен?

5. Қандай адам достарын ұятқа қалдармайды деп ойлайсыңдар?

6. Өзіңді         достарыңның  ортасында    қалай ұстайсың? Айтып бер.

Оқушылардың бойына дұрыс әрекет құндылығын сіңіруге бағыттайды. Бойдағы шыншылдық, кешірімділік, сыйластық қасиеттерін қалыптастырады.

 Дұрыс әрекет құндылығына байланысты талдау сұрақтарына жауап береді, өз пікірлерін жеткізе отырып, жақсы қасиеттерін дамытады. Шыншылдық, сыйластық, кешірімділік қасиеттерін қалыптастырады.

Оқулық

3.Жағымды ой-пікір

Данасөздер айдар

(3-4 мин)

Описание: C:\Documents and Settings\Сапарбаева\Рабочий стол\Ирине Владимировне\1.png

 «Татулық – табылмас бақыт»

                              Нақыл сөз

1.Татулық дегеніз не?

2.Татулыққа, бірлікке адам бойындағы қандай қасиеттер жетелейді?

3.Дәйексөзден қандай ой түйдіңіз?

 

       Көпшілікпен бірлесе, татулықта, ақылдаса тірлік істеу береке келтіреді. Бірлесіп шешім қабылдау үшін, іс тындыру үшін  күшті ұйымшылдық керек. Саналы тәртіп болуы тиіс. Сонда  жеңіске қол жеткізіп, табысқа  кенелесің. Сенімдерің арта түседі. Ұжымдағы татулық, ауызбіршілік  ең басты қасиеттер.

Дәйексөз арқылы жақсы ойларға шабыттанады; жанға нәр ала отырып, өзіне сенімділікті арттырады; өз айқындамасын бекітеді, ұстанымын нықтайды. Даналыққа бастау ала отырып, рухани біліммен сусындайды.

Нақыл сөздің мағынасын түсіне  отырып, шабыттанады.Күнделікті өмірде қолданып, түпкі саналарын тазартады.

оқулық

4. Оқиға  айту (әңгіме)

(5-10 мин)

Описание: C:\Documents and Settings\Сапарбаева\Рабочий стол\Читающие.png

Бақша ағаштары

Ы.Алтынсарин

       

Мәтінді мұқият тыңдап, берілген сұрақтарға жауап беру арқылы өз бойларындағы  дұрыс әрекет құндылығын және жауапкершілік, өзін және басқаларды тыңдай білуге, түсіне білуге, қабылдай білуге,саналылыққа деген қасиеттерін дамытады.

 

Bilim-al.kz сайты https://www.youtube.com/watch?v=pliIWFaJhbU

 

 

 

 

 

(шын аты — Ибраһим, 1841—1889) — қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогы, жазушы, этнограф, фольклоршы, қоғам қайраткері

 

Презентация слайд

5. Шығармашылық жұмыс (15 минут)

 

Описание: шмульцы 1

 

 

1-тапсырма.            (оқулықтың 57 беті)

Оқушылар мәтінді оқып,  «Ұжым» деген ұғымның мәнін түсінеді.

Сұраққа жауап береді.

1. Өздеріңді   ұжым  деп санайсыңдар ма?  Неліктен?

 «Ұжым деген не?»

Мырзабай Жұмаев

Сабақ үстінде бір оқушы мұғалімнен:

– Ұжым деген не? - деп сұрады.

– Сабақтан кейін айтып берейін, – деді мұғалім. Сабақтан соң сыныптың барлық оқушысы мектепауласын тазалауға шықтық. Оқушылар жұмысты тиянақты орындады: ағаш отырғызды, арықты аршыды, айналаны айнадай ғып тазалап қойды.

– Біз жақсы жұмыс істедік! – деді мұғалім.

– Бір адам мұнымен ертеден кешке дейін әуре болар еді. Біз осыншама шаруаны 30 минутта тындырдық. Ұжымшылдық деген – міне, осы!

– Біз ұжымбыз ба? – деп сұрады манағы оқушы.

– Ия, мектептің барлық оқушысы – ұжым. Зауытта жұмысшылар ұжымы еңбек етеді. Бірлесіп жұмыс істеген адамдарды «Ұжым» дейді.

 

2-тапсырма.                         (оқулықтың 58 беті)

Оқушылар ұжымшылдық туралы нақыл сөздерді оқиды. Ұжымдағы қарым-қатынас туралы ереже құрастырып жазады.

  Біреудің жақсы ісін көрсең, оны ардақтай біл, кінәліні кешіре біл. Өзіңе де, өзгеге де жақсылық тіле.

                                          Ахмед Иүгінеки

   Бірлесе, ынтымақтаса, бір-біріміздің қате-кемшіліктерімізді жолдастық ниетпен шешуге тиістіміз.              

                                        Мәлік Ғабдуллин

  Адам өміріндегі ең тамаша нәрсе – оның басқа адамдармен қарым-қатынасы.

                             Авраам Линкольн

 

Сабақтың қасиет, құндылығына байланысты айтылған негізгі ойды іс жүзінде орындай отырып, әрекет барысында көрсетеді. Ойдың,сөздің, істің бірлігін көрсетеді. Сабақта алған білімдерін іс жүзінде қолдана алуға үйренеді. Нақты тапсырмалар арқылы бекітіп, толықтыру, нақтылау мақсатына қол жеткізеді.  Тапсырмаларды жұмыс дәптерінде орындайды.

Дәптермен жұмыс

Жұмыс дәптерінің 41 беті

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жұмыс дәптерінің 42 беті

 

 

 

 

 

 

6. Үй тапсырмасы

(1-2 минут)

1.Оқулықтағы 67 беттегі Шакен Күмісбаевтң «Сынақ» мәтінін оқып келу.

2.Дәптермен жұмыс.  Оқулықта берілген   3-тапсырмада     Мәтінді оқиды.  Өздері ұжым болып, бірлесе шешім қабылдаған, жақсылық істеген іс-әркеттерін естеріне түсіріп  жұмыс дәптеріне  жазып келеді.   (оқулықтың 58 беті)

 

Үйге берілген тапсырмаға жауапкершілікпен қарайды

Оқулық, дәптерлер

 

Жұмыс дәптерінің 43 беті

7.Топпен ән айту

(3-4 минут)

Құлыншағым,  құлыным

 Сөзін жазган Қ.Ағыбергенов

Әнін жазган Н.Әлімжанов

 

 

Әуенді  барлығы бірге шырқайды. Балалардың жүрегін қуанышқа, шаттыққа бөлейді. Көңіл күйін көтереді.

https://www.youtube.com/watch?v=2toOv0i70pc.

 

 

8. Сабақтың қорытынды сәті

(1-2 минут)

 Ұжыммен бірге болу-бақыт. Адам ұжымда өзін еркін сезінеді, өзін қолдайтын, сенім білдіретін, жігерлендіретін адамдардың бар екенін түсінеді.

Ұжыммен бірлесіп іс-әрекет жасау, өзара түсіністік таныту, бір-біріңді сыйлай білу маңызды.

Сабақ мазмұнына байланысты берілген құндылық пен қасиетті жүректеріне сақтайды.

https://www.youtube.com/watch?v=LCiAfCCwc7A

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Категория: Өзін-өзі тану | Добавил: taipakokushy
Просмотров: 232 | Загрузок: 5 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]