«Біз өмірді достықпен бағалаймыз!»
Мақсаты:Оқушылардың өміріндегі «достық» ұғымының адамгершілік құндылық ретіндегі мәнін ашу.
Міндеттері:
Оқушылар өміріндегі, достар арасындағы рухани жақындық деңгейін көтеру;
Оқушылардың өміріндегі достар арасында болатын жауапкершілікке, сенімділікке, сезімталдыққа тәрбиелеу;
Оқушылардың достық қарым-қатынастағы жан дүниесінде болып жатқан сезімдерін байқау;
Оқушылардың достарына тілектері мен ізгі ниеттерін ашық білдіруге үйрету.
Танысу тренингісі
«Менің достықтағы адал есімім»
Нұсқау: Ойыншылар өз есімдерін айтады, есімдерінің бірінші әрпіне достықта қандай екендерін айтып шығады.Жаттығу жіп будағын тарқата отырып бір-біріне жалғастырады.Осылайша соңғы қатысушының әрекетінен кейін жаттықтырушы оқушылардың тұтастығын көрсететін «Өрмекшінің торына» баршаның назарын аудартады.
Кел, ойнайық, пікірлесейік
Дос көп еді жүретін сыр ақтарып,
Жандарынан тұратын шуақ тамып.
Домбырамның үні де естіледі,
Достарымның сырлары сияқтанып.
Дос жүрегі қашанда аңсағаным,
Соларменен қосылып ән саламын.
Ақ пейілді аңсаған достарымды,
Қуанышпен күлімдеп қарсы аламын.
Көңіл – дария, толқыған асылдарым,
Сендер менің жылдарым,ғасырларым.
Тіршіліктің тұздығы – достық екен,
Достарымнан ештеңе жасырмадым.
Шын достықтың оттары жалындайды,
Дос қамалдар ешқашан алынбайды.
Дос көңілдер есепке бағынбайды,
Дос жүректер өсекке бағынбайды.
Күн шығады дүниені нұрландырып,
Достар әні өшпейтін бір мәңгілік.
Дос көңілі сияқты шашырайды.
Күннің өзі көктегі тұрған күліп.
Сұрақтар
- Достық дегенді қалай түсінесіңдер?
2. Шын досты қалай білуге болады?
3. «Досы көпті жау алмайды» деген сөзді түсіндіріңдер?
4. Достары көп болу үшін адам қандай болуы қажет?
«Екі дос» аңыз ел аузынан
Ертеде ел арасында жаугершілік жиі болатын кезде қазақтың екі жауынгері төс қағысып дос болады.
Бірде әскерлер бір өзеннің бойында қос тігіп дамылдапты. Тұтқиылдан жаудың қалың қолы шабуыл жасапты. Малды айдап, мүліктерін тиеп кетіпті. Қолға түскен азаматтарды айдап әкетіпті. Әлгі екі достың біреуі жау қолына түседі. Досының қолға түсіп қалғанын естіген екінші батыр күздің қара суығын елеместен өзенді малтып өтіп, жау жатқан жағаға келеді. Анталаған жау әскерлері оны тарпа бас салады. Жауынгер өзін қол басына апаруын өтінеді. Алып келген соң ол жаудың қол басына:
- Мен қолдарыңа түскен бір жауынгерге құн төлеп, сатып алуға келдім. Менің оған айырбастап берер малым - мүлкім жоқ. Бір-ақ нәрсе беремін. Ол - өзімнің өмірім. Досымды босатыңдар, ол үшін менің өмірімді алыңдар, - дейді. Қолбасы ойланып отырып, оны сынамақ болады да:
Жарайды, мен сені қыршыныңнан қимай-ақ қояйын. Маған сол өміріңнің бір бөлшегін ғана берсең болады, - дейді.
Ол не? – дейді досын құтқаруға асыққан жігіт.
Маған сенің көздерің керек? – дейді қолбасы, - екі көзіңді ойып аламын.
Ол да болсын, көзімді ал да, досымды тезірек босат, - дейді.
Жігіт бұл сыннан сүрінбей өтеді.
Әлгі жауынгер тұтқыннан босаған досының иығына қолын салып, зағип күйі қуанып, күлімдеп келе жатады.
Мұны көрген жаудың қолбасы: «Мынадай ерлері бар халықты тұтқиылдан келіп, қапыда бас салған жағдайда болмаса, бетпе-бет ұрыста жеңу қиынға соғады.» деп түйеді. Сөйтіп өз әскерлеріне шегінуге бұйрық беріпті.
Аңыз бойынша сұрақтар- жауап
1. Екі жауынгер қалай дос болыпты?
2. Қазақ жауынгері досын тұтқыннан құтқару үшін не деді?
3. Қолбасы оны қалай сынамақ болды?
4. Қолбасының өз әскерлерін алып кетуіне не себеп болды?
5. Бұлар қалай достасты?
«Жан дүниеңді сезін»
Нұсқау денелеріңді бос ұстап,қолдарыңды босатып,аяқтарыңды созып,көздеріңді жұмып дем алып,дем шығарып,дем алып,өз әлеміңді елестетіп,жан дүниелеріңді сезініңдер.Сендер бәрің ұшып жүрген шар секілдісің дер ,сендерді үрлеген сайын жеңілдей түстіңдер.Аяқ-қолдарың жеңілдей түсті.Жылы, шырайлы жел соғып,сендерді жоғары көтеріп алып барады.Достарың түрлі түсті шарлармен бейнеленген.Сенің қасыңда сенімді досыңның шары ұшып барады.Сендер аспанда қалықтап әр жақта ұшып жүрсіңдер. Күннің сәулесінен тараған достыққа деген мейірім, жылулық шапағаты жүректеріңе еніп,бойларыңа ұялауда.Бір - біріңмен бір жерге жиналып, сендер жердің беті әдемі, қызыл,жасыл гүлге толған жұмсақ, жасыл алқапқа түсіп қондыңдар. Енді көздеріңді ашып, орындарыңнан тұрып,өздерің шарға елестеткен досыңа күлімдеп қараңдар.
«Жылы тілек»
Нұсқау: Оқушылар бір-біріне «Өмірде достықты бағалау» туралы жылы тілектер нақыл сөздерді жазып, бір-біріне сыйлайды.
|