Ақжайық ауданы, Тайпақ мектеп-гимназиясының химия пәнінінің мұғалімі С.Е.Лукпанованың сабақ жоспары
Пәні
|
Химия
|
Сыныбы
|
8
|
Сабақтың тақырыбы
|
Хлор және оның маңызды қосылыстары
|
Мақсаты
|
Хлор және оның қосылыстарының химия саласындағы маңызы мен қасиеттерін үйрену
|
Күтілетін нәтижелері
|
А. Хлорды жай зат ретінде атом құрылысын, периодтық жүйеде орналасуын сипаттайды.
В. Хлордың физикалық және химиялық қасиеттері мен қолданылуын біледі, реакция теңдеулерін айқын тұжырымдайды .
С. Хлордың қосылыстарын күрделі зат ретінде тұз қышықылын таниды, айналымды іске асыру реакция теңдеулерін түрлендіреді, теңестіреді, есептер шығарады.
|
Керекті жабдықтар
|
Д.И.Менделеевтің периодтық жүйесі, Ерігіштік кестесі, плакат, маркер, презентациялар, стикерлер, сызбалар, АКТ, қорапша
|
Сабақ барысы
|
Сабақ кезеңдері
|
Мұғалім әрекеті
|
Оқушы әрекеті
|
Кіріспе
|
Ұйымдастыру.
Амандасу.
Сергіту сәті.
(Күннің көзі түсіп тұр)
Күннің шуағы.
-Мына күннің шуағынан бәріміз жылу алайық. Ол үшін, бір-бірімізге жылы-жылы сөздер айтайық. Сендердің ықыластарыңа бөленген шуағы алақанымызға сыймай барады. Енді біз шуақты босатып жіберейік, оның жылуы мен нәзік сәулесі біздің жүрегімізді жылытсын.
Топқа бөлу (суреттердің бірінші әріптері бойынша)
Мұғалім оқушыларды топқа бөлуді ұйымдастырады.
Үй тапсырмасы: «Сұрақты ұстап ал» әдісі арқылы «Натрий және оның маңызды қосылыстары» тақырыбын қорытындылау.
Мұғалім сұрақ қойған кезде фасоль салынған қапшықты лақтырады. Бұл сұрау үдерісіне кинестикалық сипат береді және оқушыларды өз еркімен жауап беру үшін ниет білдіруге итермелейді. Сіз оқушыларға жауапты білмеген жағдайда сұрақты басқа оқушыға лақтыруына мүмкіндік береді
|
Сергіту сәті арқылы сабаққа кіріседі.
Оқушылар қағазда суреті бар қағаздарды суырады.
бір оқушы қалып аңшы болады. Суреттердің бірінші әріптері бойынша топқа бірігеді.
Оқушылар топқа тасталған фасоль салынған қапшықты қағып алған топ сұраққа жауап берсе, онда команда 3 балл алады. Егер де ол жауабын білмесе, қапшықты басқа командаға 2 балға лақтырады. Егер де қапшық тағы да кері лақтырылатын болса, онда дұрыс жауаптың құны 1 балға дейін төмендейді.
Жинаған балдары бойынша топ бір-бірін формативті бағалайды.
|
Тұсаукесер
|
«Сұрақты тап» әдісі арқылы сабақтың тақырыбын ашу:
«Хлор»
Мұғалім әдісті түсіндіріп кетеді. Мұғалім оқушыларға бағыт бере отырып, СТО технологиясын қолдана отырып, оқушыларды сыни ойлауға дағдыландырады.
|
Оқушылар жауабы берілген тапсырманы алып, жауапқа бірнеше сұрақтарды тауып жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсатын ашады.
|
Негізгі бөлім
|
Жаңа тақырыпты өздігінен меңгерту, ресурс тарату, «Блум таксономиясы» әдісі арқылы жаңа тақырыпты меңгеру үшін, және есептер шығаруға жеке оқуға және топта талдауға уақыт беру. Мұғалім ресурстарды таратады, оқушылардың өздігінен меңгеріп, тани білуін, қамтамассыз етіп, оқу ортасын құруға жағдай жасайды. Оқушылардың күтілетін нәтижесіне жетуін өздігінен жоспарлауға үйретеді.
«2 жұлдыз 1 тілек» бойынша басқа топ формативті бағалайды.
Экранда формативті бағалаудың үлгісі көрсетілген.
Формативті бағалау арқылы оқушылардың арасындағы ынтымақтастықты және кері байланысты нығайтады.
Оқушылардың өздерін жетілдіруіне сенімділігін дамытуға ықпал етеді, қолдап, ынталандырып отырады.
|
Топтар оқулық, ресурс, көрсетілген үлгілер арқылы алынған мәліметтерін жинақтайды.
Оқушылар үш адамнан тұратын топта бірлесіп жұмыс істейді. Оқушылар деңгейлеріне байланысты тапсырмаларды бөліп алып топта талқылау арқылы орындайды.
Құрып болғанна кейін басқа топ алдында қорғайды. Басқа топ «2 жұлдыз 1 тілек» әдісі арқылы бағалайды.
Оқушылар арасында өзара бағалау жүреді.
|
Қорытынды
Сабақ соңындағы рефлексия:
Үйге тапсырма:
|
«Әлібпи желісі» әдісі арқылы сабақты қорытындылау. Оқу үрдісінің барлық аспектілерінде оқушыларды белсене қатысуға мүмкіндік жасайды, оқушылардың өз түсінігі мен пікірін қалыптастыруды көздейді.
«Мадақтау сэндвичі» әдісі
1 бөлік – позитивті комментарий, не ұнады;
2 бөлік – сындарлы сын, не нәрсені жақсарту керек;
3 бөлік – келешекке арналған комментарий: маған ұнады, бірақ келесі жолы …
«Хлор және оның маңызды қосылыстары» тақырыбын оқып келу, тест құрастыру.
|
Әлібпи тәртібімен әріптерді пайдалана отырып, қатысушылар алға шығулары керек және кезек-кезекпен берілген тапсырма бойынша негізгі сөздерді дауыстап айтады.
Оқушылар сабақта алған білім деңгейлеріне қарай стикерде сұраққа жауаптарды толтырады.
Неге сондай деңгейде тұрғанын түсіндіріп кетеді.
|
|
|
|
|
Блум бойынша сабақ тапсырмалары 1 топ
Сабақтың тақырыбы: Хлор және оның маңызды қосылыстары
Білім
|
- Д.И.Менделлевтің периодтық жүйесін негізгі ала отырып хлордың атом құрылысын анықтаңдар.
|
Түсіну
|
- Хлордың табиғатта кездесетін қосылыстарын мәлімдеп беріңдер
|
Қолдану
|
- Тақырыпты меңгере отырып төменде берілген реакция теңдеуін орындап, тотықтырғыш пен тотықсыздандырғышты көрсетіп беріңдер:
Cu + CI2 →
|
Талдау
|
- Химиялық диктант арқылы өз білімдеріңді тексеріңдер:
Хлордың химиялық таңбасы .... , салыстырмалы атомдық массасы ...... тең. Хлор табиғатта тек ..... ретінде кездеседі. ...... ...... көкөністерді тұздау, тері илеу, былғары жасауда қолданады. ........ - сарғылт жасыл түсті, тұншықтырғыш өткір иісті, улы газ. Хлорды алғаш рет ...... жылы швед оқымыстысы ........ ..... алған. Хлорсутектің судағы ерітіндісін хлорсутек қышқылы немесе .......................... ...... деп атайды.
|
Жинақтау
|
- Төменде берілген тақырыптарға мәліметтер бойынша барлық білімді тиянақтап, оны бір жүйеге келтіріп, тұжырымдамалық карта құрастырыңдар.
Хлордың табиғатта тарлуы
|
Бағалау
|
- Алған білімдеріңді тиянақтап, басқа топтармен салыстырыңдар.
|
Блум бойынша сабақ тапсырмалары 2 топ
Сабақтың тақырыбы: Хлор және оның маңызды қосылыстары
Білім
|
- Қайталау жасай отырып хлордың қанша қосылысын білетіндеріңді санап шығыңдар.
|
Түсіну
|
- Хлордың физикалық қасиеттерін натрийдің физикалық қасиеттерімен салыстырыңдар
|
Қолдану
|
- Жаңа тақырып бойынша алған білімдеріңді пайдаланып, химиялық реакция теңдеуін аяқтап, реакция теңдеуін теңестіріңдер:
-
|
Талдау
|
- Айналымды іске асыру есебін шығарып, өзара байланысын көрсетіңдер:
СI2→HCI →AgCI
|
Жинақтау
|
- Төменде берілген тақырыптарға мәліметтер бойынша барлық білімді тиянақтап, оны бір жүйеге келтіріп, тұжырымдамалық карта құрастырыңдар.
Хлордың алынуы
|
Бағалау
|
- Алған білімдеріңді тиянақтап, басқа топтармен салыстырыңдар.
|
Блум бойынша сабақ тапсырмалары 3 топ
Сабақтың тақырыбы: Хлор және оның маңызды қосылыстары
Білім
|
- Хлор қосылыстарына мысалдар келтіріңдер.
|
Түсіну
|
- Оқулықта берілген 48- суретін түсіндіріңдер
|
Қолдану
|
- Химиялық реакция теңдеулері бойынша есеп шығарудың ережесін сақтай отырып, есепті шешіңіз:
Көлемі 8,96л хлорсутекті (қ.ж.) алу үшін қажет хлордың массасын есепте.
|
Талдау
|
Бертолле тұзынан хлорды алу реакция теңдеуін түсіндіру арқылы хлорды алып, үрдісті түсіндіріңіз.
|
Жинақтау
|
Төменде берілген тақырыптарға мәліметтер бойынша барлық білімді тиянақтап, оны бір жүйеге келтіріп, тұжырымдамалық карта құрастырыңдар.
Маңызды хлоридтер
|
Бағалау
|
- Алған білімдеріңді тиянақтап, басқа топтармен салыстырыңдар.
|
|