[ Скачать с сервера (31.9 Kb) ] | 29.10.2014, 10:32 |
Сабақтың тақырыбы: Объектілерді іздеу. Объектілерді көшірмелеу, орнын ауыстыру және жою. Алмасу буфері. Сабақтың мақсаты : Windows нысандарымен жұмыс істеу, оларды бір орыннан екінші орынға жылжыту дағдыларын қалыптастыру. Іздестіру, көшіру, тасымалдау, жою, файлдар. бумалар, жарлыктар атауларын өзгерту жұмыстарын сауатты орындаудың дағдыларын калыптастыру. Сабақтың көрнекілігі : интерактивті тақта, көрнекілік құралдар, карточкалар. Пән аралық байланыс: математика. І.Қызығушылықты ояту.
Қазір цифрлы диктант жазамыз. Ойымызды жинақтап, назарымызды аударайық. Мен қазір сөйлемдерді оқимын, егер ол ақиқат болса 1, жалған болса 0 санын жазасыңдар. 1. Тапсырмалар тақтасындағы Бастау батырмасын басқанда басты меню шығады. 2. Alt+F4 пернелер комбинациясын басқанда компьютер қайта жүктеледі. 3. Жұмыс столында компьютерге орнатылған барлық программалар орналасады. 4. Уақытша жабылған терезе белгісі тапсырмалар тақтасында көрсетіліп тұрады. 5. Меню қатары командалары барлық терезеде бірдей болады. 6. Офистік бағдарламалар жүйелік ПЖ жатады. 7. Адам мен қомпьютер арасындағы қатынас интерфейс деп аталады.
ІІ. Мағынаны тану. Оқулықпен жұмыс. Оқушылардың зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру. Кейбір оқушылар бумалар мен белгішелерде құру, атын өзгерту объектілерді көшірмелеу, орнын ауыстыру және жоюды білуі мүмкін. Сондықтан оқушыларға проблемалық сұрақтар қойылады. 1.Нысандарды қалай көшіреміз? 2. Нысандарды қалай жылжытамыз? 3. Бірнеше нысандарды бірден көшіре аламыз ба? Оқулықпен жұмыс: Алмасу буфері мен нысандарды жүйелі көшіру, жылжыту ұғымы туралы, Көшіру, қою, қиып алу командаларын орындау үщін қолданылатын пернелер комбинациясын жазып алуБумалар не үшін керек? Бумаларды құру тәсілдерін қарастырайық. /Электронды оқулық/ Нысандарды жылжыта отырып, сендер оларды бумаларға тарата аласыңдар. Ал нысандарды көшіру арқылы жаңа жерде олардың көшірмесін аласыңдар, мысалы, дискіде. Нысандарды жылжыту және көшіру тәсілдерін қарастырайық. Тышқанмен жылжыту/көшіру. Егер екі бума (қайдан және қайда жылжытатын) бір ғана дискіде орналасса, онда нысанды бумадан-бумаға тышқанмен сүйреуге болады. Егер жылжыту кезінде Ctrl пернесін ұстап тұрсақ, онда ерекшеленген нысандар көшірілетін болады.
Сүйреу аяқталғаннан кейін мәзір ашылады, енді Көшіру бұйрығын таңдау керек Бұл жағдайда тышқан сілтемесінің қасында кішкентай «+» таңбасы пайда болады. Дәл сол бойынша тұтынушылар осы кезде нақты қандай үдеріс жүріп жатқанынан(жылжыту немесе көшіру) хабардар болады. Сондай-ақ, тышқанның оң жақ батырмасын басып тұрып орындалатын сүйреу әрекетін де қолдануға болады.
Алмасу буферінің көмегімен көшіру үшін сендерге екі бұйрық: Көшіру (Копировать) және Кірістіру (Вставить) керек болады. Көшіру бұйрығын орындағанда нысандар алмасу буферінде сақталады. Кірістіру бұйрығын орындағанда нысандардың алмасу буферіндегі көшірмесі сендер көрсеткен жерде пайда болады Нысандарды ерекшелеңдер. Реттеу-Көшіру немесе Реттеу-Қиып алу бұйрығын таңдаңдар. Нысанды апаруға тиісті терезеге ауысыңдар. Реттеу-Кірістіру бұйрығын таңдаңдар. 2.Контекстік мәзір Контекстік мәзірде Көшіру, Қиып алу және Кірістіру бұйрықтарын табыңдар. Әрекеттердің тәртібі тура мәзірдің Реттеу пунктінің бұйрықтарымен бірдей.
Бұйрықтарды пернетақтадағы пернелерді басып тұрып орындау керек: Ctrl+C-көшіру Ctrl+X-қиып алу Ctrl+V- кірістіру. Нысандарды Қоржынға жою (орналастыру) тәсілдері:
Барлық жағдайда жою алдында экранға сұхбаттық терезе шығарылады, онда тұтынушыдан жою үшін сұраныс жасалады. Нысанды бумадан жылдам іздеу Ізделетін нысан орналасқан буманы ашып, Нысанның атауындағы бірінші әріп бар пернені басу керек. Атауы осы сиволмен басталатын ең жақын нысан ерекшеленеді. Сол пернені қайта басқанда келесі ұқсас нысан ерекшеленеді. Сонымен, буманың атаулары осы символдан басталатын барлық нысандар тексеріледі.
Ой толғаныс. Компьютерде практикалық жұмыс орындау. Тапсырма: Бума құру.
Сергіту сәті:
Өз біліміңді тексер: Тест сұрақтары беріледі. Сабақты қорытындылау.
Тапсырма: Сендер ойын жазылған CD- диск сатып алдыңдар. Диск мазмұнында төмендегідей файл аттары номерлермен жазылған. 1. ИГРА.avi 2. ИГРА.txt 3. ИГРА.wav 4. ИГРА.bmp 5. ИГРА.com Төмендегі сұрақтардың жауабын жаз. - Ойын инстукциясын оқу үшін қандай файлды ашасың? - Ойынға қосылған музыканы ғана тыңдау үшін қандай файлды ашасың? - Демонстрациялық роликті көру үшін қай файлды ашар едің? - Ойын программасын іске қосу үшін қай файлды ашасың? - Ойынның барлық файлдарымен таныстыңдар ма? - bmp кеңеймесімен берілген файлда не болуы мүмкін? - ол файлға қандай дұрыс ат беруге боады? - Файл кеңеймесі бізге не туралы айтады?
Карточкалар: Карточка №1
Карточка №2
Карточка №3
Өзіңді тексер:
А) Көшіру В) Жылжыту С) Жою Д) Сақтау 2. Нысандарды көшірудің қандай тәсілі алмасу буферін қолданбайды? А) Сtrl пернесін басып тұрып, тышқанның сол жақ батырмасымен жылжытқанда В) Пернетақталық С) Көшіру, Кірістіру бұйрықтарымен Д) Контекстік мәзір 3. Пернетақада Қиып алу бұйрығын пернелердің қандай тіркесімдерімен алмастыруға болады? А) Сtrl+C В) Сtrl+ V С) Сtrl+ X Д) Сtrl+Z 4. Нысанды жойғыннан кейін дискіде орын босайтын тәсіл: А) Нысанды тышқанмен Қоржынға жылжыту В) Ерекшеленген нысанға Shift+Del пернелерін басқанда С) Контекстік мәзірде Жою бұйрығын таңдау Д) Нысанды ерекшелеп, Реттеу-Жою бұйрғын таңдау 5. Ерекшеленген нысандар тобына қолдануға болмайтын әрекет: А) Көшіру В) Атын өзгерту С) Жою Д) Жылжыту
Қорытындылау. Бағалау.
| |
| |
Просмотров: 3479 | Загрузок: 136 | |
Всего комментариев: 0 | |