«Ұлытау төріндегі ұлағат»
30.10.2014, 17:51

Ақжайық ауданы, Тайпақ мектеп – гимназиясы

 

 

 

 

«Ұлытау төріндегі ұлағат»

конференция сабағы

(8-9 сыныптар)

 

 

 

Өткізген: география пәні мұғалімі І.Ә.Мурсалимова

 

 

 

Тайпақ ауылы, 2014

 

Ұлытау – Сарыарқаның оңтүстік-батыс шетінде орналасқан. Ең биік жері – 1133м. Қазақ халқының тарихында 3 жүздің басы қосылып біріккенінің куәсі ретінде қазақтың бар руы таңбаларын тасқа ойып салған тарихи жер. Осы жерде Тәуке ханды ақ киізге көтеріп хан сайлаған. Ел қамын жеген Едіге батыр осы жерде жерленген. Алаша хан мен Жошы хан мазарлары да осы жерде.

Ұлытауға кіре берістегі төбенің басына Ұлытаудың белгісін қоймақ ниетпен 1993 жылы Елбасымыз Н.Назарбаев келіп: «Бұл белгіні төртеу қылып орнату керек, біздің 4 құбыламыз берік бүтін болсын, бір қазақтың баласын бөлмейік»-деп көреген идея айтқан болатын. Қазір сол 4 құбыланы түгендеп тұрған биік мұнара елдің іргесінің бүтіндігі мен ұлттың бірлігінің символы десек болар.

Ұлытау – тарихы ғасырлардың терең қойнауына кетеді, ел басына күн туған шақтарда халқымызға пана болған, хандарымыз өз ордаларын тіккен, билеріміз бен батырларымыз бастарын қосып елдік мәселелерді шешкен,киелі де құнарлы, әрі қазыналы өлке. Кезінде Ақсақ Темір әскерлері «Алтын шоқи»маңында темір қорытқан.

Меніңше, орыстарға Кремль қаншалықты қасиетті көрінсе, қазақ елі үшін Ұлытауда соншалықты қадірменді деген ғұлама ғалым Қаныш Сәтбаев бұл жерді жаяу аралап, көптеген пайдалы қазбаларды ашқан. Ұлытау өңірінде қазба байлықтар мыс: мыс, қорғасын, алтын, күміс, темір, көмір, вольфам, мұнай, газ қорлары бар. Жоғарғы қайрақты кен орнында дүниежүзілік вольфрам қорының 30%-ы шоғырланған.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2014 жылдың тамыз айының соңында бар қазақтың ұлағатты Ұлытауына Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев ат ізін тіреп, сондағы ақ қайындар арасында сарқылмай ағып жатқан Әулиебұлақтың басында отырып, өзі негізін салған егемен елімізге арнаған ғасырлық мәні бар қанатты сөзі – дана, дара. Ұлытауды мыңдаған жылдарға асқақтатты.

Тарихын білмеген ұлттың болашағы бүлыңғыр екенін ашық айтқан Елбасы Ұлытау төріндегі ой-толғауына тарих туралы әңгімені тереңнен өрбітті. Біздің тарихымыз ғұндардын «Мына өзіміз келіп отырған Ұлытау өте қасиетті жер. Ұлытаудеп аталуының өзінің тарихи мәні бар» деп, Елбасы қазақтардың кеше ғана пайда бола салмаған» халық екенін айтады.

Ұлытаудағы сұхбатында Елбасы Қазақ мемлекеттілігі болған, болмаған деген неше түрлі сыңар жоқ пікірлер айтылып жатқан кезде, Президент өзінің келелі пікірін білдірді. Қазақтың ең даласының қай шетіне барсаң да осындай қасиетті жерлер табылады. Шығысқа барсаң – Берел қорғаны, Орталыққа келсең – қалмақтармен соғысқан Аңырақай шайқасы өткен жер бар. Батысқа барсан Алтын Орданың хандары тұрған Сарайшық, Оңтүстікке барсаң – Түркістан тұр. Қазақстанда осындай қасиетті жерлер көп. Дегенмен Ұлытаудың орны бір басқа. Біздің жастарымыз оны біле бермейді. Біз тарихымызды жаңадан игеріп, біліп жатқан елміз. Қазақтың тарихы өте бай. Оны білуіміз керек» деген болатын.

Елбасының Ұлытау төріндегі ұлағатты сұхбаты қазақ қоғамында серпіліс туғызды. Қазақтың арғы-бергі тарихы, тілі, мәдениеті, экономикасы мен болашағы жайында айтқан келелі пікірлеріне еліміздің әр тарапындағы зиялы қауым өкілдері үн қосып, өз пікірлерін білдіруде. Ұлытаудағы сұхбатта айтылған тұжырымдарды оқып үйренуге арналған «Ұлытау төріндегі ұлағат» тақырыбындағы конференция сабағы ұйымдастырылып отыр.

Конференцияның баяндамалар тақырыбы:

  1. «Ұлытау  - ұлт ұясы» әдеби монтаж 7-сынып.
  2. Ұлытаудың географиялық орны пайдалы қазбалары – Мақсотова Д.
  3. Ұлытау тарихы. Ұлытаудеп неге аталған? –                  Гинуллин Қ.
  4. Қазақ елінің ата тарихы –                                    Бақтығали Бақдаулет
  5. Дін тарихы. Ислам дінінің казіргі қоғамдағы орны. – Садыков Е.
  6. Қазақ тілінің мәртебесі. Тіл – татулық тірегі – Болатова А.
  7. Н.Айтұлы поэмасы «Мәңгілік ел мұраттары» - 8-сынып.
  8. Отанды сүю – ортақ парызымыз  - Кенжебаев Е.

     Ұлытау төріндегі сұхбат ата тарихынан басталды, Елбасы ұлт туралы толғанып, қазақтың өткен кеткен тарихынан келелі ойлар қозғап «Қазақтың тарихы өте бай. Оны білуіміз керек, тарихын білмеген ұлттын болашағы да бұлыңғыр болуы мүмкін» деп туған жер тарихын білуге, оны насихаттауға баса назар аударды.

Ұлытау тарихы. Ұлытау деп неге аталған?   –             Гинуллин Қ.

        Мемлекет басшысы өзінің ұлағатты сұхбатында: «Біздің елдігіміз, қазақ жұртының арғы түбі ғұндардан басталады. Ғұндардан кейін көк түріктерге жалғасады. Одан кейін Алтын Орда орнығады. Сөйтіп хандық дәуірге ұласып, кейін біртіндеп тәуелсіздікке келіп тіреледі» деп бар қазаққа ой салатын, керек десеңіз парыз саналатын үлкен мәселені алға тартты.

Қазақ елінің ата тарихы – Бақдаулет

Ұлытаудағы сұхбатында Елбасы дін тарихы, қасиетті «Құранның» ізгі қағидаттары туралы  тақырыбын да ерекше сөз етті, «Біз дінді шынайы имандылыққа жақындатып, оның жақсы жағын алуымыз керек. Құранның қасиетті үкімдерін орындау үшін кемтарларға көмектесу, бір-бірімізге жанымыз ашу, бауырмал болу, үлкенді сыйлау, Отанды, елді қорғау, бірлікке шақыру арқылы дінді өркендеткен жөн. Ол елдің басын біріктіреді. Міне, осындай исламды құрметтеуіміз керек» деп жан тебірентерлік сөздер айтты.

Дін тарихы. Ислам дінінің казіргі қоғамдағы орны. – Садыков Е.

Біз 3 тұғырлы тілді қолдансақ, түбінде біздін жолымыз ашық болады.

Ел, жұртымыз үшін тарихымызды, мәдениетімізді, санамызды, жұртымызды, өзіміздің тіліміз арқылы ғана жеткізе аламыз. Сондықтан, біз ендігі кезекте мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыруда, оны ең І-қарым-қатынастың, ІІ-ғылымның, ІІІ-техниканың тіліне айналдыруымызға тырысуымыз қажет, ана тіліміздің мәңгілік елдің тілі деуге толық негіз бар екенін шегелеп жеткізді.

Қазақ тілінің мәртебесі. Тіл – татулық тірегі – Болатова А.

Қазақ елінің мәңгілігі әрбір қазақтың еліне – еркін өмір сүруінің кеңістігі, Мәңгілік ел болу болашаққа, келер ұрпаққа ашылған даңғыл жол. «Менің арманым, ойым Қазақстанның мәңгілік болуы. Сондықтан Мәңгілік Ел деген идеяны ұсындым. Мәңгілік Ел болу үшін бәрін жасап жатырмыз» – деді сұхбатында Елбасы.

 

Н.Айтұлы поэмасы «Мәңгілік ел мұраттары» - 8-сынып.

Елбасының Ұлытауда айтқан ойлары ел мен жерге деген құрметті арттырудың өнегесі болса, 2-шіден сол жерде туып-өскен, Отанға жан аямай қызмет еткен ата-бабаларымыздың салып кеткен өнегелі жолын ардақтай білудің де ғажайып үлгісі болды деп есептейміз.

Отанды сүю – ортақ парызымыз  - Кенжебаев Е.

Мұғалімнің қорытынды сөзі:

Елбасының Ұлытау төріндегі сұхбатында ел дамуындағы маңызды істердің барлығы тілге тиек етілді. Еліміздің болашағына сенімді көзқарас қалыптастыратын сұхбат болды. Жастарға ұлтымыздын ұлы ұстазы ретінде әкелік ақылын айтты, ол барша халықтың көңілінен шықты.

Бүгін оқушылардын қатысымен Елбасымыздың Ұлытау төрінде болған ұлағатты сұхбатынан туындайтын жаңа тұжырымдарды талқылауға арналған келелі әңгіме болды.

Елбасымыз: «Заман өтеді, уақыт алға жылжиды. Ұрпақтар бірінің жолын бірі жалғайды. Бірақ ата-бабаларымыздың жері осылай керемет болып қала береді. Осындай әулиелі жерден қуат алған халқымыз ата-бабалар жолымен жүреді деп санаймын. Ол жол – сара жол. Мәңгілік Елдің жолы» - деген болатын. Алдағы уақытта да осы ұлағатты сөздерін терең зерделеп, ел өмірінде, халық тағдырында елеулі орын алатын оқиғаларға байланысты тақырыптық басқосуларды өткізіп тұруды дәстүрге айналдыруға әбден болды деп есептеймін. Пікір білдіруге қатынасқан баршаңызға алғысымды білдіремін, шығармашылық табыс тілеймін.

 

 

 

 

             

 

 

 

Категория: География | Добавил: taipakokushy
Просмотров: 1331 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]