29.10.2014, 10:02 | |
9-сынып. Сабақ тақырыбы: §4. Түзусызықты тең айнымалы қозғалыс. Үдеу. Сабақ мақсаты: 1. Оқушыларға бірқалыпты үдемелі қозғалыс, үдеу, оның бірлігі туралы түсінік беру. 2.Оқушыларды өз бетімен ғылыми ой қорытындыларын жасай білуге жетелеу. 3.Жауапкершілікке, тиянақтылыққа, еңбекке баулу. Керекті құрал-жабдықтар: компьютер, видеопроектор, слайдтар. Сабақ түрі: аралас Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ-жауап. Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. ІІ. Оқушылардың үй тапсырмасын қалай меңгергендерін тексеру: 1. Векторлық шамалар дегеніміз не? 2. Скаляр шамалар дегеніміз не? 3. Векторларға амалдарды қалай қолданамыз? 4. Векторлар проекциясы дегеніміз не? 5. Есептердің шығарылуын тексеру. ІІІ. Жаңа сабақ. Теңайнымалы қозғалыс деп дененің жылдамдығы кез келген бірдей уақыт аралығында бірдей шамаға өзгеріп отыратын қозғалысты айтады. Үдеу дегеніміз – жылдамдықтың өзгеру шапшаңдығын сипаттайтын шама; ал жылдамдық өзгерісінің осы өзгеріс болған уақыт аралығына қатынасына тең.
ХБЖ-да үдеу бірлігі 1м/с2. ІV. Есептер шығару. 3- жаттығу. №1. №2. №3 V. Қортындылау. VІ. Бағалау. VІІ. Үйге тапсырма:§4. 3- жаттығу. №4. Рымкевич: №50, № 52, №53.
| |
| |
Просмотров: 2485 | Загрузок: 0 | |
Всего комментариев: 0 | |