29.10.2014, 10:09 | |
Сабақтың тақырыбы: Қозғалыстың салыстырмалылығы. Сабақтың мақсаты:
2. Дамытушылық мақсаты: қозғалыстың, тыныштықтың салыстырмалылығына өзбетінші мысал келтіре отырып, қозғалысты сипаттайтын шамалардың да салыстырмалы екендігіне көз жеткізу. 3. Тәрбиелік мақсаты: физикалық құбылысты түсінуге және мазмұнын сауатты баяндауға дағдылану. Сабақтың түрі: Аралас сабак. Сабақтың әдіс-тәсілдері: Баяндау; сұрақ-жауап Сабақтың көрнекіліктері: плакат , диафилм «Қозғалыстың салыстырмалылығы». Сабақтың барысы: І. ДК. Ұйымдастыру кезеңі: 1. Сәлемдесу; 2. Оқушыларды түгендеу; 3. Сынып болмесінің тазалығын тексеру; 4. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру (жұмыс орны, отырыстары, сыртқы түрлері); 5. Оқушылардың назарын сабаққа аудару. ІІ. ДК. Үй тапсырмасын тексеру, қайталау. А) теориялық білімдерін тексеру. Ә) практикалық тапсырмаларын тексеру. Б) есептерін тексеру. ІІІ. ДК.Жаңа материалды меңгерту: 1. Қозғалыс және тыныштық салыстырмалы екендігі туралы ұғым ендіру, мысалдар келтіру. 2. Қозғалатын және қозғалмайтын санақ жүйелерін ендіру. 3. Кинематикада, Галилей түрлендіруіне кіретін жылдамдықтар u-абсалют жылдамдық, u2-салыстырмалы жылдамдық, u1-ауыспалы жылдамдық. 4. Қозғалвыстың салыстырмалылығына бірнеше мысалдар қарастыру. 5. Диафильм «Қозғалыстың салыстырмалылығы». ІV. ДК. Оқытылып отырған оқу материалын бекіту: Есеп шығару.
Бер: u=10 м/с велосипедшінің жерге қатысты жылдамдығы. u2=6м/с желдің жерге қатысты жылдамдығы. u1=? Желдің велосипедшіге қатысты жылдамдығы. Шешуі: u=u1+u2 осыдан u1=u-u2=4м/с V. ДК. Оқытылып отырған оқу материалын қорытындылау: Зертханалық жұмыстың қорытындысын бағалау. VІ. ДК. Жеке оқушыларға озық тапсырма беру: Есеп шығару. VII.ДК. Бағалау. Үй тапсырмасын беру: § 1.6. 1.37- 1.47 (Ж.Бақынов. Есептер жинағы) | |
| |
Просмотров: 5635 | Загрузок: 0 | |
Всего комментариев: 0 | |