29.10.2014, 09:59 | |
9-сынып. Сабақ тақырыбы: §1. Қозғалыс материяның ажырамас қасиеті. Сабақ мақсаты: 1. Оқушыларға материя, материяның негізгі қасиеті- қозғалыс туралы түсінік беру. 2.Оқушыларды өз бетімен ғылыми ой қорытындыларын жасай білуге жетелеу. 3.Жауапкершілікке, тиянақтылыққа, еңбекке баулу. Керекті құрал-жабдықтар: компьютер, видеопроектор, слайдтар. Сабақ түрі: аралас Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ-жауап. Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. ІІ. Жаңа сабақ. Денелердің қозғалысын физиканың негізгі бөлімі – механика зерттейді. Механика кинематика және динамика деген бөлімдерден тұрады. Кинематика – механиканың қозғалыстарды сипаттайтын шамалар арасындағы байланысты қарастыратын бөлімі. Кинематикада денелердің қозғалысын анықтайтын себептер қарастырылмайды, оларды динамика қарастырады. Дене кейбір дегене қатысты тыныштықта болғанымен, басқа бір денеге қатысты қозғалыста болады, сондықтан денелердің тыныштығы салыстырмалы болып табылады. Материяның негізгі қасиеттерінің бірі –қозғалыс. Материясыз қозғалыс, қозғалыссыз – материя болмайды. Материяның қасиеттерін, оның өзгерістерін зерттеу барысында көптеген физикалық шамалар енгізіледі. Бұл шамларадың арасындағы ең маңызды байланыстар ашылады да, олар математикалық қатынастар арқылы өрнектеледі. Сөйтіп, материя қасиеттерін сипаттайтын заңдар тағайындалады. ІІІ. Пысықтау.
ІV. Қорытындылау. V. Бағалау. VІ. Үйге тапсырма: §1. | |
| |
Просмотров: 4047 | Загрузок: 0 | |
Всего комментариев: 0 | |