29.10.2014, 10:05 | |
Сабақ тақырыбы: §6. Дененің еркін түсуі. Еркін түсу үдеуі. Сабақ мақсаты:
Сабақ түрі: аралас Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ-жауап. Сабаққа қажет құрал-жабдықтар: металл шарик, қағаз парағы, Ньютон түтікшесі. Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. ІІ. Үй тапсырмасы бойынша сұрақтар:
ІІІ. Жаңа тақырып. Ауасыз кеңістікте барлық денелер бірдей уақытта түседі Бұл тұжырымды итальян ғалымы Галилео Галилей жасаған болатын Ортаның кедергісі болмаған кездегі денелердің түсуі еркін түсу деп аталады. Галилей өз ұйғарымын денелерді ауасыз кеңістікте түсіріп тексере алмады. 80 жылдан кейін Ньютон оны жүзеге асырды. .(Ньютон түтікшесімен тәжірибе көрсету). g-еркін түсу үдеуі. g=9,8 м/с2. Белгілі бір h биіктіктегі дененің жерге қанша уақыттан кейін түсетінін және түскен сәтте оның жылдамдығы қандай болатынын есептеу қажет болсын. Бастапқы жылдамдық нольге тең. Дененің қозғалысын Жермен салыстырамыз.Дене төмен түсіп келе жатқанда төмен қарай бағытталған a=g үдеумен s=υ0t+at2/2 заңы бойынша вертикаль бойымен түзусызықты теңүдемелі қозғалады. Жолдың ұзындығын түсу басталған нүктеден, уақытты түсу басталған мезеттен есептейміз, ал төмен қарайғы бағытты оң бағыт ретінде аламыз. Қозғалыс заңы s=gt2/2, v=gt, s=h. Осы теңдеулерден: t=√2h/g, v=√2gh. ІV. Пысықтау. V. Есептер шығару. Рымкевич есептер жинағынан №55, №56, № 57. №1,№2,№3. VІ. Қорытындылау. VІІ. Бағалау. VІІІ. Үйге тапсырма: §6. 5-жаттығу.
| |
| |
Просмотров: 7177 | Загрузок: 0 | |
Всего комментариев: 0 | |