29.10.2014, 09:06 | ||||||||||
Сабақтың тақырыбы: Сөйлем мүшелері Сабақтың мақсаты: а)Сөйлем мүшелері туралы түсінік бере отырып,оқушылардың ойлау қабілетін сабаққа деген қызығушылығын және негізгі мәселелерге аса көңіл бөлуге үйрету;. ә) Түрлі әдістерді пайдалана отырып балаларды тапқырлық,жылдамдық,есте сақтау қабілеттерін арттыру,сөйлеу тілін жетілдіріп,шешендік өнерге баулу; б) Сабақ барысында оқушыларды сауаттылыққа баулу; Сабақтың түрі: Жаңа сабақты игерту. Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,тіл дамыту, топтастыру Сабақтың көрнекілігі: плакат,кеспе қағаздар, қосымша материалдар. Пәнаралық байланыс: әдебиет, орыс тілі Сабақтың барысы: а) Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару. ә) Үй тапсырмасын пысықтау: Үйге берілген тапсырманы сұраймын. Оқушыларға өткен сабақты қалай меңгергенін байқау үшін бірнеше сұрақтар қоямын
б) Жаңа сабақты түсіндіру. Сөйлем мүшелері дегеніміз –сөйлем құрауға қатысқан толық мағыналы сөздер.
Жаттығумен жұмыс: 34-жаттығу.Әр сөзді сөйлем мүшесіеің белгілерінен қарастырып,сөйлем мүшесі болып тұрғанын немесе сөйлем мүшесі болмай тұрғанын анықтаңдар. Білімді бекіту: Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.
Бағалау: Үй тапсырмасын орындап келгеніне және жаңа сабаққа ынталы қатысып отырғандарын бағалаймын.
Үйге тапсырма: 35-жаттығу..
| ||||||||||
| ||||||||||
Просмотров: 1344 | Загрузок: 0 | |
Всего комментариев: 0 | |