29.10.2014, 09:14 | |||||||||||||||||||||||
Сабақтың тақырыбы: Баяндауыш Сабақтың мақсаты: а) Оқушылардың ойын кеңейтіп,тілді байытатын мазмұнды да көркем сөз үлгілері мол мақал-мәтелдер,нақыл сөздер үйрету. ә) Оқушылардың оқулықпен жұмыс істеу дағдыларын жетілдіре отырып, логикалық ойын дамыту,оқу материалына сын көзбен қарап жолдасының көмекке қашанда әзір болу қасиетіне, ұллтық дәстүрді қастерлеуге үйрету. б) Оқушыларды сауаттылыққа баулу Сабақтың түрі: Жаңа сабақты игерту. Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,тіл дамыту, анализ-синтез т.б Сабақтың көрнекілігі: плакат,кеспе қағаздар, қосымша материалдар. Пәнаралық байланыс: әдебиет, орыс тілі Сабақтың барысы: а) Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару. ә) Үй тапсырмасын пысықтау: Үйге берілген тапсырманы сұраймын. Оқушыларға өткен сабақты қалай меңгергенін байқау үшін бірнеше сұрақтар қоямын б) Жаңа сабақты түсіндіру. Баяндауыш – сөйлемдегі тұрлаулы мүшенің бірі. Баяндауыш сөйлемдегі бастауыштың іс-әрекетін,қимылын,жай-күйін,оқиғаның қай шақта болғанын білдіреді.Баяндауыш сөйлемді аяқтап,ойды тиянақтайды.Кейде сөйлемде бастауыш айтылмаса да,баяндауыш бар жерде бастауыш жоғалмайды. Баяндауыш құрылысына қарай былайша жіктеледі:
Баяндауыш болатын сөздер көбінесе жіктік жалғауларында,кейде атау тұлғада,тәуелдік,септік тұлғада тұрады. Баяндауыш болатын сөз таптары мыналар:
Жаттығумен жұмыс: 38-жаттығу. Мына сөздерді баяндауыш етіп сөйлемдерді аяқтаңдар. ....-ынтымақ. ....-сәлем берді ....-төрт ....-байлық ....-бөлінбейді. .....-жетім. ....-оқу. .....-білерсің ....-жаман Білімді бекіту: Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.
Бағалау: Үй тапсырмасын орындап келгеніне және жаңа сабаққа ынталы қатысып отырғандарын бағалаймын. Үйге тапсырма: 39-жаттығу.
| |||||||||||||||||||||||
| |||||||||||||||||||||||
Просмотров: 2082 | Загрузок: 0 | |
Всего комментариев: 0 | |