Жүсіп Баласағүни «Құтты білік» (үзінді)
29.10.2014, 09:42

Сабақ жоспары

1.Пән аты: Қазақ әдебиеті

2.Сыныбы: 8

3.Күні, айы, жылы:

4.Тоқсан: І

5.Мұғалім:

Сабақтың тақырыбы: Жүсіп Баласағүни

                                         «Құтты білік» (үзінді)

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: оқушыларға ХІ ғасырда өмір сүрген ойшыл, ақын  Жүсіп Баласағұнның  өмірі мен шығармашылығымен таныстыру.

2.Тәрбиелік: оқушыларды  адамгершілікке, ізгілікке баулу,ұлтжандылыққа тәрбиелеу.

3.Дамытушылық: оқушылардың әдеби дүниетанымдарын кеңейту,қосымша деректер арқылы пәнге деген қызығушылықтарын арттыру.

Сабақтың типі: аралас сабағы.

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап, мәнерлеп оқу, әңгімелеу

Сабақтың көрнекілігі: «Қазақ  әдебиеті» энциклопедиясы

Пәнаралық байланыс: тіл, тарих.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: 1. Оқушылармен сәлемдесу.

                                            2. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.

                                                 3. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

1. Оқулықтан 26-29-беттерді оқу.

2. Хикметтерінен үзінді жаттау.

 

ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру:

     Жүсіп Баласағұни – Талас-Шу бойындағы Баласағұн қаласында туып-өскен ақын, ойшыл. Ол 85 тараудан тұратын «Құтты білік» атты кітап жазған. Кітапты шығыс патшалары көшіртіп алып оқитын болған. Иранның ұлы ақыны Фирдоусидің «Шаһнамасымен» қатар қойып, «Түркі шаһнамасы» деген атақ берген.

     «Құтты білікте» кемел мемлекеттің  сипаты баяндалады. Кемел мемлекетте өмір сүретін адам да кемелдену жолын іздеуі керек. Адам баласының қадір қасиеті білім мен ақылда болатынын айтып, дүниеқоңыздықтан, жамандықтан аулақ болуға шақырады. Қоғамдағы әір түрлі топтардың, әр қандай кәсіп иелерінің, ел бегі, уәзір, көпес, ақын, тағы басқалардың қандай болу керектігін көрсетеді.

     Ізгілікті елдің бегі мен уәзірі халықпен, айналасындағы қызметкерлермен қандай қарым-қатынас орнатады? Ғалым, диқан, сатушы, малшыларды қалай ұстау керек деген сұрақтарға жауап бере отырып, әізгілікті үлгі етеді.

   «Бақыт қасиетті адамға ғана қонады», - дейді.

   Кітапта төрт кейіпкер бар: Әділет, Бақыт, Ақыл, Қанағат. Күнтуды бек - әділет бейнесі; Айтолды уәзір – бақыт бейнесі; Одғұрмыш – уәзірдің бауыры, қанағат бейнесінде, Өгдүлміш – уәзірдің баласы, ақыл-сана бейнесінде алынған,  әңгіме осы төрт кейіпкердің сұрақ-жауаптары арқылы дамиды.

   Жүсіп Баласағұнидің «Құтты білігінде» қамтылған мәселелер туындыгердің (автор) аса білімді адам екенін аңғартады. Ол-ойшыл ғалым, білімпаз, ақын. Кітапты ақыл-өсиет, өнеге – уағыз түрінде жазған. Бала тәрбиесіне де көңіл бөлген. Баласағұни осы кітабы арқылы Хас Хажып (сарай министрі) атағын алған.

  

ІV. Жаңа сабақты бекіту:

Оқулықпен жұмыс

   1.  Ж. Баласағұнидің «Құтты білік» дастанынан алынған үзіндіні  мәнерлеп оқу, талдау.

 

      Жүрсін бектер бес нәрседен алыстап,

      Есі болса, жұрнақ болса  намыстан.

      Ұшқалақтық- бірі, екінші – сараңдық,

      Үшіншісі – ашу, оған егіз надандық.

 

       Қырсығың – сор, бетті жер ғып жүргізер,

       Бесіншісі - өтірік, жерге тірі кіргізер.

       Бек бесеуден бойын аулақ ұстасын.

       Білсін сонда басынан құс ұшпасын.

 

2. Сұрақтарға жауап беру:

1) Баласағұнидің «Құтты білік» кітабы не туралы?

2) Кітаптың кейіпкерлері кімдер?

3)Баласағұнидің  ойынша  шын дос кім?

4) Тілдің пайдасы мен зияны туралы не айтылған?

5) Абай  өлеңдерімен салыстыру.

 

V. Үй тапсырмасын беру.

1. Махмұд Қашқари сынды ғұламалар өмірі.

2. Жүсіп Баласағұни «Құтты білік»

3. Оқулықтан 30-33-беттерді оқу.

VI. Оқушылардың жауаптарын бағалау.

VII. Сабақтың аяқталуы.

Категория: Қазақ әдебиеті | Добавил: taipakokushy
Просмотров: 7445 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 5.0/1
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]