Аңыз. Оғыз қаған жыры
29.10.2014, 09:34

  Сабақ жоспары

  1. Пән аты: Қазақ әдебиеті
  2. Сыныбы: 8
  3. Күні, айы, жылы:
  4. Тоқсан: І
  5. Мұғалім:  
  6. Сабақтың тақырыбы: Аңыз. Оғыз қаған жыры

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: Оқушыларға аңыз және Оғыз қаған жыры туралы әдеби білім беру, жырды талдауға дағдыландыру.

2.Тәрбиелік:Оқушыларды адамгершілікке, ізгілікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.

3.Дамытушылық:Оқушылардың әдеби, тарихи дүниетанымдарын кеңейту, әдебиет пәніне деген қызығушылықтарын арттыру.

Сабақтың типі: аралас сабағы.

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілі: баяндау, сұрақ-жауап, мәнерлеп оқу, әңгімелеу

Сабақтың көрнекілігі: Ежелгі дәуір әдебиеті

Пәнаралық байланыс: тіл, тарих.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: 1. Оқушылармен сәлемдесу.

                                                 2. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.

                                                 3. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

 

   1.Оқулық бойынша 14-17-беттерді оқу.

   2.Қорқыт атаның нақыл сөздерін жаттау.

   3.Дәптерге1,5-тапсырмаларды жазбаша орындау.

 

ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру:

  1. Әдебиет теориясынан түсінік беру.

       Тарихта болған әйгілі адамдар жайында немесе елдің, рудың шыққан тегі туралы не нақтылы бір жерде өткен оқиғалар жайлы тарихи шындыққа негізделген, бірақ уақыт өте келе, көркем шығармаға айналып кеткен әңгімені аңыз дейміз.

 

  1. Оғыз қаған жыры туралы түсінік беру.

       «Оғыз қаған» жырында сөз болатын оқиғалардың түпкі желісі заманымыздан бұрын да айтылып келген. Оғыз мемлекетінің дәуірлеген кезінде (ІХғ) жинақталып, кейінірек ХІV ғасырда хатқа түскен.

       «Оғыз қаған» жырында бүкіл оғыз-қыпшақ тайпаларының тарихында болған оқиғаларды бір адамның басына жинақтап береді. Қыпшақ, қаңлы, қарлұқ, қалаш ру-тайпаларының шығу тегін жеке кісілердің оқиғасымен байланыстырады.

        Жырда оғыздардың Көк тәңіріне табынып, өздерін Көк Бөріден тарататынын аңғаруға болады. Оғыздың Үрім қағанға (Византия) жорығын Көкжал бөрі бастап отырады. Оғыздың өзі көк өңді, әйелінің көзі көктен де көгіріек, шашы теңіз толқындай болып суреттелуі көк түсті қасиетті деп санаудан туған.

         Оғыздың ақылшы-кеңесшісі Ұлық Түрк-Қорқыт ата, Тоңұқұқ, Бұқар сияқты жырау. Ол-ақ сақалды, ақ шашты, өнерлі, сәуегей кісі.

      Жырда Оғыздың анасының аты-Айқаған, әкесі аталмайды. Түркілердің салтында қыздардың атына хан, төре, бек, сұлтан деп қосып айта берген (Ханзада бегім, Рабиға сұлтан бегім, Ай бегім, т.б.)

     «Оғыз қаған» жырының құрылысы қазақ эпостарымен ұқсас келеді. Батырлық жырлардағыдай:

   -қаһарманның тууы;

   - өсіп-жетілуі;

   -соғыс-жорықтары;

   -еліне оралуы

  болып суреттеледі

ІV. Жаңа сабақты бекіту:

  1. Оғыз қаған жырынан берілген үзіндіні жатқа оқу.

  2. Сұрақтар мен тапсырмаларға жауап беру.

  1) Жырды (шығарманы) асықпай түсініп оқыңдар. Мазмұнына назар аударыңдар:

  а) Оғыздың тууы.

 ә) Тажал аң – Қатпен соғысы.

 б) Үйленуі. Күн нұрынан жаралған қыз.

 в) Ағаштың қуысындағы қыз.

 г) Оғыздың балалары.

 ғ) Оғыздың Үрүмге жорығы.

 д) Еліне оралып, жерін балаларына бөліп беруі.

 2) Жырдағы түркілердің Тәңірге табынуының белгілері қандай? Көкжал бөрі, Оғыздың өңі, қыздың көзі көктен де көгірек болуы т.б. туралы ойланып көріңдер.

     3. Сөздік жұмысын жүргізу.

  Айқаған –Оғыздың анасының аты.

  Көзі жарыды – қуанды деген мағынада

  Қат – ормандағы тажал аң

  Алтын қазықтай – Темірқазық жұлдызы

  Тұрысу – соғысу

  Мұзтау – Алтай жағындағы тау болуы керек.

  Шөк болу – тізесін бүгу. Бұл сөз бұрын адамға да айтылған, қазір малға  ғана айтылады. Мысалы: түйе шөкті.

 Етіл – Еділ өзені. Бұл өзенді түркілер Етіл, Атыл деп атаған.

 Атилла – Еділдің шығыс жағынан шыққан батыр.

 Ұлық –ұлы

 Жай – садақтың жағы

 Күншығар жер – күншығыс.

 Күнбатар – батыс.   

 V. Үй тапсырмасын беру.

   1. Оқулық бойынша 17-22-беттерді оқу.

   2.  Қосымша деректер жазу. VI. Оқушылардың жауаптарын бағалау.

VII. Сабақтың аяқталуы.

Категория: Қазақ әдебиеті | Добавил: taipakokushy
Просмотров: 9218 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 4.8/5
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]